Оқушылар екінші тоқсанды күрделі жөндеуден өткен мектепте бастайды

Аудан орталығында үш білім ошағы бар. Ы.Алтынсарин, Н.Г.Иванов атындағы мектептер күрделі жөндеуден өтіп, әр сыныбы заман талабына сай жабдықталған

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі жөндеуді қажет етіп тұрғанына біраз уақыт өтті. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының көмегімен осы уақытқа дейін шыдап келді. Іргетасы қаланғаннан бері күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген. 32 жылдық тарихы бар мектепке биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 280 млн 22 мың теңге қаражатқа толық жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Аталмыш жұмысты Түркістан қаласының мердігері «Строй центр Түркістан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Мұхтар Байымбетов жеңіп алды. Бүгінгі күні жұмыс қызу жүріп жатыр. Мектепке жылу тартылып, есік, терезе мен едендері заманауи талапқа сай жаңартылады.

– Біз құрылыс жұмыстарының сапасына көңіл бөлеміз. Сапалы құрылыс қашанда қауіпсіз болады. Қазақстанның болашағы келешек ұрпақ заман талабына сай біліп алғаны жөн. Қазіргі таңда мектептің ішкі жұмыстарын жасап жатырмыз. Есік – терезелерін айыстырамыз. Жаңадан жылу жүйесін тартамыз. Содан кейін төбе шатыры мен сыртын талапқа сай қаптаймыз. Жасалған келісім бойынша, тамыз айында басталған жұмыс қараша айында толығымен аяқтаймыз, – дейді мердігер.

Оқушылар екінші тоқсанды жаңа мектеп қабырғасында бастайды оқитын болады.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 6