Қоғамдық қордан кез келген адамға ақша бөліне бермейді

 Су тасқыны болған кезде Қостанай облысында “Көмек” қоғамдық қоры тіркелді.

Қорға Қазақстанның түкпір-түкпірінен азаматтар мен бизнес өкілдері ақшалай қаражат жіберіп жатыр. Бұл қордың басшысы Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Махаббат Жутаев.

– Жаңа қор құру бастамасы облыстық мәслихатқа тиесілі. Адамдарға дұрыс көмектесу үшін бір ақша үйлестірушісі қажет. Қор зардап шеккендердің жағдайын егжей-тегжейлі зерттеуі керек. Жасыратыны жоқ, кейбіреулер барлық мүліктен, малдардан, басқалары тек тұрмыстық техникадан айырылды, осының барлығын зерттеп, тексеріс комиссиясынан өткеннен кейін, егер әкімдікте жетпей жатса, онда қаржылай көмекті біз көрсетеміз, – дейді қор басшысы.
Қазіргі таңда шамамен 230 миллиондай қаржы жиналған. Петропавл, Көкшетау қалаларына гуманитарлық көмек үшін бірнеше миллион бөлінді. Қор басшысының айтуынша, бізде қиыншылық болғанда, олар бізге көмекке келді, енді міне, мүмкіндік болғандықтан көмектесіп жатырмыз.

– Кез келген көмек сұраған адамға көмектесе алмаймыз. Ең алдымен тексерістен өтіп, мүліктің қаншалықты жарамсыз екендігін қарайды. Тіпті, ол залал расталғаннан кейін де, жергілікті қоғамдастықтың өтініші бойынша ғана беріледі. Барлық жұмыс туралы халықты БАҚ арқылы хабардар етеміз. Біз өз тарапымыздан қордың не істейтіні туралы хабарлауға ниеттіміз. Айтпақшы, жеке өзім қорда жалақы алмаймын, – дейді Махаббат Жутаев.

Тағы да айта кетейік, бұл қоғамдық қорда барлығы тек әкімдіктің және тексеріс жүргізетін комиссияның бақылауымен жұмыс істейді.

Аяжан СЕРІК


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1