Науырзымдықтар «Жастармен бірге» атты ұлттық жастар онкүндігіне үлес қосуда

 Қазақстанда «Жастармен бірге» атты ұлттық жастар онкүндігі өтіп жатыр.

Бұл бастамадан науырзымдық жастар да қалыспай онкүндікті жоспарлап, маңызын арта түскен. Биыл халықаралық жастар күні «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігі форматында аталып өтілуде. Ол 3-12 тамыз аралығына келіп келіп тұр. Республика бойынша 1 000 000-нан астам адам қамтылып, бес мыңнан астам іс-шара жоспарланған. Ең алдымен, халықаралық жастар күнін атап өтудің жаңа тұжырымдамасы Жастар саясатының негізгі міндеттерін орындауға бағытталған. Оның ішінде жұмысқа орналастыру, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамыту, ұлттық сананы нығайту мәселелері бар. Сондай-ақ, ұлттық онкүндік шеңберіндегі іс-шаралар «Адал азамат» концепциясын насихаттауға ықпал ететін болады. Айта кетейік, онкүндік республикалық жастар қоғамдық бірлестіктерімен өзара байланысына ықпал етеді.

–Науырзымдық жастар да онкүндікті атап өтуде. Онкүндіктің әр күніне арнайы тақырып қойылған. Ал халықаралық жастар күнінің тақырыбы «Жоспардан прогреске: жастардың тұрақты дамуындағы цифрлық жолдары» ретінде тұжырымдалған. Халықаралық жастар күні шеңберінде ұлттық онкүндікті өткізу жастар белсенділігін дамыту, жас азаматтардың білім алуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы орта құруға, сондай-ақ жастардың еліміздің қоғамдық-мәдени өміріне белсенді қатысуын ынталандыруға бағытталған. Мерекенің танылуын және имиджін қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін ұлттық онкүндіктің логотипі әзірленді. Халықаралық жастар күні шеңберінде ұлттық онкүндікті өткізу тұжырымдамасы үш бағытқа негізделіп, сол бойынша іс-шаралар ұйымдастырдық, – дейді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айнұр Хаудан.

Жастар онкүндікті 3 тамызда Taza Qazaqstan экологиялық акциясымен бастады. Жастардан құралған «Жасыл ел» жасағы ауданның тазарып, көркін ашуына белсене көмек беруде. «Жасыл елдіктер» Науырзым қорығының ғимаратының алаңын, бұлақ соқпағына дейінгі жолдарды тазалап шықты. Өздерінің уақыттары қызықты өтсін деп бұлақ соқпағына волейбол ойын алаңы ұйымдастырылып, бояу жұмыстары жүргізілді.

–Ауданда жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында тазалық жұмыстарын қолға алдық. Жастар өте белсінді. Жастар жасағы биыл да өз жұмысын ойдағыдай атқарып жатыр, – дейді орталық директоры.

Жастар екінші күні ашық аспан астында кино қарап, медициналық тексерістен де өтті. Қазақстан боксеры 2000 жылғы олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов жайлы түсірілген “Бекзат” фильіміне түскен болатын. 4-күні «21 ғасыр жастары!» атты көңілді ойыны өткізілді.

Әр күнді маңызды жоспарлап, оған белгілі тақырып беру маңызды. Ал соңғы күні осы онкүндік қорытындыланады.

Ай ӘБДІЛДА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 6