
Науырзымдықтар Көрісу күнің атап өтті
Науырзым ауданында қазақ халқы үшін жыл басы саналатын, қастерлі де қасиетті мейрам көрісу мерекесі аудандық кітапханада атап өтілді.
Кітапхана директоры Бейнегүл Тасқынбаева келген қонақтарды Көрісу күнімен құттықтады.
-Бұл күн – адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін, өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысатын күні. Баршаңызды бүгінгі Көрісу мерекесімен құттықтаймын!,- деді кітапхана директоры Бейнегүл Тасқынбаева.
Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық асыға күтеді. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Бұл күні аудан әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері мен білім ошақтары, аудан тұрғындары ұлттық киімдерін киіп, бір-бірімен қол алысып көрісіп, бауырсақ, қымыздан ауыз тиді. Шара барысында ұлттық өнер дәріптеліп, ұлттық киімдер насихатталып, ағайын арасындағы сыйластық нығая түсті. Ақсақалдар ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп ақ бата берсе, жастар жағы бірлікті нығайтқан шараның тереңдігін атап өтті.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған аудандық кітапхана
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31