Қостанай қаласының 145 жылдығына орай қала орталығында «Абысын-ажын» байқауы өтті. Оған Науырзым ауданынының келіндері де қатысып, облыстық байқауда бақ сынап, ауданның, әулеттің намысын қорғады.
Облыс орталығында алғаш рет өткен байқауға жиналғандар аз болмады. Оған облыс көлемінен бес әулеттің келіндері қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында Науырзым ауданынан Сағынаевтар әулетінің келіндері де бар. Бір үйдің үш келіні салт дәстүрімізді танытты, өнерлерін ортаға салды. Байқау абысын-ажын татулығын паш етіп, дәріптеп, насихаттауды мақсат еткен. Ағайынның бірлігі абысынның татулығында жатыр. Келіндер абысын-ажын татулығы қандай болуы керектігін сахна төрінде көрсете білді.
Мұндай бастама біздің қаламызда бірінше рет өтіп жатыр. Байқауды өткізуге мұрындық болған облыстық қоғамдық даму басқармасы. Осы істің басы-қасында жүрген ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай ханым.
–Мұндай байқау Қостанай жерінде алғаш өтіп жатыр. Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің арасында өзара ынтымақтастық меморандумын жасасқан. Осыған сай осы жолы Қостанай өңірінде өткіземіз деп шештік. Бірақ, расын айту керек, қатысамыз дегендер көп емес. Соған қарамастан өзіміз хабарласып, қозғау салып, бастамашы болдық. Келер жолы бұдан да көп келіндер өз әулетінің намысын қорғайды деп сенемін, – дейді Баян Ахатай.
Бүгінгі байқаудың мақсаты да осы – абысын-ажын татулығын паш ету, дәріптеу, насихаттау. Ағайынның бірлігіне бастау абысын-ажын татулығы деген қандай болуы керектігі туралы көрсету.
–Бір үйдің келіндеріміз. Негізі төрт келін едік. Бір абысынымыз отбасы жағдайына байланысты келе алмады. Ол да келіп қатысамын деп жоспарлаған еді. Мен Мөлдір өзім әкімшілікте жұмыс істеймін. Біздің поштаға хабарлама келді. Хабарламада «Абысын-ажын» байқауы туралы жазылған екен. Бірден қатысуға бел будым. Үйге келіп, абысындарыммен ақылдастым. Ойымды білдірдім. Олар да мені бірден қолдады. Содан уақытты созбай дайындықты бастап, іске кірісіп кеттік, – дейді келіндер.
Орталыққа жиналған көрермен келіндердің бар өнерін тамашалады. Олар өздерін таныстырып, қазақтың түрлі салт-дәстүріне бағытталған бес кезең бойынша бақ сынады. Салтымызды көрсете жүріп, бәсіре, бастаңғы, енші беру, ат тергеу, сыбаға, төс тарту, төркіндеу, ерулік беру сынды көптің бірі білсе, бірі білмейтін жоралғылар туралы сұрақтарға жауап берді. Байқауға келген абысындар әр кезеңіне мұқият дайындалған. Барлық керек жарақтарын сахна төріне шығарып, құлпыртып жіберді. Ене мен келіннің, қайын сіңілі мен жеңгенің, абысын мен ажынның сыйластығын көрсетіп берді. Қазақтың даналығын салтымен ғана емес, киім үлгісімен де таныта білді.
–Біз өзі күнде бір-біріміздің үйімізге барып, жақсы араласып тұрамыз. Дайындық та сондай қиын болмады. Күнде дайындалдық. Үйдің үлкен келіні ата-енесімен 20 жыл тұрады. Ата-енеміз үлкен келін болса да сол келінге әбден үйреніп қалған. Одан кейінгі абысынымыз Эльмира, ол келе алмады. Абысындар өзара татумыз. Бүгінгі іс-шара да керемет өтіп жатыр. Ұйымдастырушыларға рахмет айтқымыз келеді. Бір жағынан үйдегі бауырлар да бас біріктіріп, жинала қалдық. Барлық туыс-туған келіп, қолдау білдіріп жатыр. Далада болғандықтан шамалы қиындау болды. Лэд экран болады деп ойлағанбыз. Десе де бәрі өте жақсы, – дейді абысындар.
Сонымен бақ сынаған бес әулеттің келіндерінің ішінде осалы болмады. Бәрі де жан сүйсінерлік ибалы, кішіпейіл, дана. Бірақ байқау болған соң жеңімпаз болады. Ол заңдылық. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қасиетті Торғай жерінен келген Ибраевтар әулетінің қос келіні Гүлсезім мен Таңшолпан еншіледі. Екінші орынды Қостанайдан келген Омарқановтар әулетінің келіндері, үшінші орынды Меңдіқара ауданынан келген Айсағалиевтер отбасының абысындары алды. Ал Науырзым ауданынан келген Сағынаевтар мен сарыкөлдік Жанұзақовтар әулеттерінің келіндері Алғыс хатпен марапатталды.
Бастысы жеңіс емес, ең бастысы Сағынаевтар әулетінің келіндерінің ұйымшылдығын ел көрді. Бас біріктіріп, өздерін көрсетіп, таныта білді. Салт-дәстүрді жетік біліп, сахнаға алып шыққандықтары да мақтанарлық. Олар келешекте де тағы қатысатындарын білдірді.
Ай ӘБДІЛДА.
15 ноября в районном Доме культуры состоялась встреча акима Камыстинского сельского округа Бейбита Мендаулетова с…
Мария Мазанко из Карабалыка победила редкое заболевание благодаря квалифицированной помощи врачей Костанайской областной больницы, сообщили…
Так она заработала более 2,3 млн тенге (далее…)
Мужчина после отказа стража порядка брать деньги положил в полку на приборной панели патрульной машины…
Автолюбители высказывают недовольства из-за незавершенного ремонта дорожного полотна (далее…)
Былтыр Қамыстының Қарабатыр ауылына бүтіндей бес отбасы көшіп келді. Биыл Моңғолия елінің Бай-Өлке аймағының Сақсай…
This website uses cookies.