Науырзымда гидропоника бойынша бизнес-идея жүзеге асты

Ауданымызда үй жағдайында шөп өсіру жобасы іске асуда

Кәсіп бастауда, жеке бизнес ашуда мемлекеттік қолдау механизмдері өте көп. Бизнес бастамаңыз қазіргі нарыққа  икемді болса, соғұрлым жеңілдетілген қаржыландыруға тез қол жеткізуге мүмкіндік бар. Ал бизнес идеяңыз инновациялық мәнге ие болып, экономиканың дамуына әсер етіп, қоғамға әкелетін пайдасы болса, онда мемлекеттік қайтарамсыз грант алуға мүмкіндігіңіз зор.

2022 жылы Науырзым ауданында “Бастау бизнес” арқылы оқып, мемлекеттік қайтарымсыз грантты жеңіп, өз кәсібін дөңгелетіп отырған жандар саны 5 адам. Солардың бірі ауданымыздағы ерекше бизнес-идеясымен қазіргі таңда мемлекеттік гранттың шарапатын көріп отырған жанның бірі жас кәсіпкер Жанат Шетигулова.

Жанаттың бизес жобасы гидропоника деп аталды. Иә, атыда ерекше естіледі. Гидропоника тәсілімен арпа, ақ бидай, қара бидай, жүгері жане т.б. дәнді дақылдарды өсіруге болады екен. Бұдан өсірілген өсімдіктерді мал шаруашылығында үй жануарларына қосымша азық ретінде беруге пайдалана аласыз.

Біз оқырман назарына ауданымызда өз бизнес-идеясын мемлекеттік қайтарамсыз грант алу бағдарламасында қорғап шыққан кәсіпкер жайлы таныстырмақпыз. Бұл жоба біздің  ауданға ғана емес, облысымызға тансық жоба. Қазақстан аумағында енді ғана етек жайып келе жатқан кәсіп десек те болады. Алғаш осы жоба жайлы естіп, бизнес-идея авторына хабарласып,  арнайы танысып білуге барған болатынбыз.

Иә, біз естіген бизнес – идеяның аты гидропоника, яғни бізің тілмен айтқанда үй жағдайында шөп өсіру. Кейіпкерімізге бірден қойған сұрағым гидропоника ауыл шаруашылығымен айналысу қайдан туған идея деп сұрадым.

– Негізі осы мемлекеттік қайтарымсыз грант жайлы  бұған дейін әлеуметтік желілерден және теледидардан естіген едім. Бірақ, осы бағдарламаға қатысу үшін Науырзым ауданында бұған дейін болмаған, бизнес – идея, жобалар қарастырдым. Солай іздеп жүргенімде интернет желісінен гидропоника жайлы оқып қалып, бірден қызығушылығым артып, зерттей бастадым. Жалпы гидропоника жобасымен Қазақстан аумағында айналысып жатқан бірнеше шаруашылықтармен хабарласып осы жоба бойынша толығырақ ақпарат алған болатынмын. Содан ауданымызда мемлекеттік қайтарамсыз грант алуға “Еңбек” биржасы арқылы “Бастау бизнеске” өтінім беріп, оқып, сертификат алдым. Әр  қарай осы жобаны іске асыру мақсатында, қайтарымсыз гранттын конкурсына қатысқан болатынмын.  Өз жобамды белгіленген уақытта комиссия алдында қорғап шықтым, – дейді жоба авторы Жанат Шетигулова.

Жанат үшін  бұл жобаны жүзеге асыру онайға түспеген екен, себебі бұл шет елдерде кенінен тараған Қазақстан аумағына енді ғана еніп жатқан жобалардың бірі. Жоба бойынша  қалай оны жүзеге асыру керек және де қандай жабдықтармен құрылғылар керектігін білу қиынға түсті дейді. Осы жоба аясында біздің облысымыздан гидропоника мен айналасып жаткан жеке касіпкерлерді кездестірмегенінде тілге тиек етті. Негізінен бұл өсімдіктің төрт түлікке малға пайдасы көп екен, құрамында 17 түрлі витаминдер бар екен.

Гидропоника тәсілімен өсірілетін бидайға, дәнді дақылға арналған ыдыстарын (поддондар) табу өте қиынға түскен. Себебі, бұған дейін айтып кеткендей бұл жоба Қазақстан аумағында енді ғана қарқын алып дамып келе жатқандықтан қажетті құралдармен қондырғылар аз екен.

Жас кәсіпкерден халықтың сұранысы қалай дегенімізде. Қазіргі уақытта сұраныс жеткілікті, негізінен ауданымызда жанадан ашылған жоба болғандықтан адамдардың көпшілігі басқа көзбен қарағандары да болды. Кейін  бұл тәсілмен өсірілген өсімдіктің мал шаруашылығында пайдасы көп екенің білген сон сұраныс арта бастады дейді Жанат.

Негізінен бұл өсімдікті өсірудің өзіндік тәсілдері бар екен. Мал шаруашылығына қажетті өнімді алу үшін 7 күн шамасында өсімдікке арналған жарықтың астында ұсталады және 3-4 рет  суарылып тұрады екен. Дайын өнімнің 1 кг 150 теңгеден сатуда. Тапсырыс мөлшеріне қарай 1 кг өнімді 100 теңгеден сатады. Яғни, 1 ыдыстағы (поддон) өнімнің өлшемі 6-7 кг шамасында болса, өсімдіктің биіктігі 15 см, ұзындығы 60, ені 40 болады екен.

Расыменде қазіргі таңда біздің елде кез-келген жастарға қолдау бар. Тек өзіңе деген сенімділікпен ниетің болса болғаны. Мемлекет қолдап тұрғанда дөңгеленген кәсіп бастау өз қолыңызда. Тек бизнестің дұрыс тетігін табу керек.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 13