Науырзым ауданының зейнеткерлері белсенді

 Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Тең қоғам» үкіметтік емес ұйымы «Белсенді ұзақ өмір» бағдарламасын бастаған еді. Бағдарламаның басты мақсаты – зейнеткерлердің белсенділігін арттырып, бос уақыттарын маңызды, мәнді етіп ұйымдастыру.

–Зейнеткерлік жасқа жеткен әр адам енді мен бос уақытымды қалай өткізем, немен айналысcам боладыдеген оймен, өткен өміріне көз жүгіртіп не тындырдым, менің қолымнан тағы не келеді деген сансыз сұрақтарға жауап іздері сөзссіз. Саналы өмірінің елеулі бөлшегін еңбек етіп, қоғамдық   жұмыстарға белсене қатысып келгендіктен ертеңнен бастап қалыпты жағдайдан ауытқып, басқаша өмір сүру үшін психологиялық қолдаудың қажеттілігі туындайды.  Жоғарыда аты аталған бірлестіктің зейнеткерлерді қолдауы осы сәттен бастап  қажет, – дейді әлеуметтік қызметкер Ф.Искакова.

Алдғы күндерде құрылғанына бір жыл толатын бірлестіктің ұйымдастыруымен   осы уақыт аралығында  зейнеткерлердің көңілінен шығатын біраз іс-шаралар өткізілді.  Бірінші кезекте қажетті жабдықтар: скандинав таяқтары, жаттығуларға арналған кілемшелер, музыкалық колонка алынды.  Компьютерлік сауаттылық,  ғаламтор желілерін пайдалану машықтарын үйретуден бастап апта сайын «Арай» спорт кешенінде А.Сүтемгеновтың  жетекшілігімен спортпен айналысып, А. Қожахметова жүргізетін би үйірмесіне қатысып, буындарға арналған әр түрлі жаттығулар жасады. Зейнеткерлердің көңілінен шығатын С.Мырзатаев жүргізетін вокал үйірмесіне зейнеткерлер ерекше ықыласпен қатысады, баянның сүйемелдеуімен талай әндер әуелете шырқалды. Болашақта вокалдық топ құру да жоспарда бар.

Қарттар күні қарсаңында Науырзым мемлекеттік табиғат қорығының мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Күзгі саябақта фотосуреттерге түсіп, күздің сұлулығын қызықтады. Арнайы Қостанай қаласынан шақыртылған психолог маман келіп, зейнеткерлермен жұмыс өткізді. Заңгердің тегін кеңестері ұсынылды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдап спорттық сайысқа да әжелер белсенді қатысты. Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған кешке концертке барды. Жаңа жыл қарсаңында зейнеткерлерге арналған шыршатой өткізілді. Маскарадтық костюмдарға байқау жарияланып, бағалы сыйлықтар тапсырылды. Кеш Докучаев орта мектебі оқушыларының  қатысуымен  ұйымдастырылды.

–Ән айтып, би билеп, спортпен айналысып, жастарды қолдау, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысу зейнеткерлердің өміріне ерекше бір мағына береді. Жазда орталық алаңда «Ретро би» кештерін ұйымдастырып, зейнеткерлерді биге шақырдық. Бұл би кештері зейнеткерлерге ерекше ұнайды, әр кез келесі би кешін асыға күтеді. Жақында көптен күткен осындай би кеші жастар алаңыда ұйымдастырылды. «Ретро би» кеші деп аталғанымен жас ерекшелігімен шектелген жоқ. Зейнеткерлердің қасында балалары мен немерелері де көңілді кештің қатысушысы болды. Бұл ұрпақ жалғастығының бір көрінісі және көңіл көтеруде жастарға үлгі. Алдағы күндерде ауданымызда ашылған өлкетану музейіне саяхат және Науырзым табиғат қорығына саяхатқа шығу жоспарланып отыр. Ауданымыздың зейнеткерлеріне «келіңіздер, көріңіздер, бағдарламамаыздың белсенді қатысушысы болыңыздар»  деп шақырамыз, – дейді әлеуметтік қызметкерлер.

Ай ӘБДІЛДА.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5