Оқу жылы аяқталып, асыға күткен оқушылардың жазғы демалыс маусымы да басталды. Өзінің ерекшелігімен әр балаға жақсы көңіл-күй сыйлайтын, оқушылар үшін ең қызықты мезгіл — жаз маусымы. Үш ай каникулда балалар алаңсыз асыр салып ойнайды. Бала ағзасын шынықтыруға, баланың эмоционалды, тұлғалық,танымдық дамуына ықпал ететін жағдайды қамтамасыз ету әрбір қосымша білім беру ұйымының басты міндеті.
Жаздың әр күнін қызықты етіп ұйымдастыру үшін түрлі тәрбие әдістері қолданылады. Осы бағытта аудандық Балалар шығармашылығы үйінде «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының ашылуы салтанаты өтті. Оған ата-аналар балаларын қуана-қуана жіберді.
–Жазғы сауықтыру алаңына «Келді, міне, жайдарлы жаз, Балақай, сен бойыңды жаз!» деген тақырыпты таңдадық. Атауы айтып тұрғандай бар жақсылықты балаларға береміз. Бұл сауықтыру алаңының мақсаты – балалар демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы үшін қажетті жағдайлар жасау. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды жылдамдыққа, шапшандыққа үйрету. Білім, білік дағдыларын кеңейту, – дейді шығармашылық үйі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Диана Сәкенқызы.
Лагерьдің алғашқы күні ұйымдастыру кезеңінен басталды. Балалар бір-бірімен және ұстаздармен танысып, тіл табысты. Түрлі қызықты ойындар ойнап, би билеп, топ болып жарысты.
Жаз мезгіліндегі уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан қосымша білім беру ұйымы үшін баланың бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор.
Ай Әбділда
2GIS ең танымал қалалық компанияларды анықтайтын халықаралық «2GIS сыйлығының» жеңімпаздарын атады. Қостанайда үздіктер 400 мыңнан…
Ташкент қаласына жолдама алды (далее…)
Мероприятия проходили в рамках республиканской экологической акции «Таза Казахстан». Напомним, что она стартовала по всей…
2ГИС назвал победителей международной «Премии 2ГИС» — проекта, в котором отмечают самые популярные компании города.…
Мемлекеттік тілге құрмет (далее…)
Об этом сообщил и. о. заместителя руководителя КГУ «Пригородное учреждение лесного хозяйства» управления природных ресурсов…
This website uses cookies.