Науырзым ауданында «Ұлттық киім-ұлт ажары» байқауы өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында, жыл сайын 18 наурыз елімізде ерекше мәнге ие – Ұлттық киім күні аталып өтеді.

Бұл күн – халқымыздың төл мәдениетін, ұлттық рухын, сәндік өнерін дәріптейтін маңызды мереке. Ұлттық киім – қазақ халқының өмір салты, дүниетанымы мен талғамын айшықтайтын құндылық. Қазақы киімнің кестесіне, ою-өрнегіне, түстік үйлесіміне қарап, сол заманның өмір салты мен эстетикасын тануға болады.

Науырыз мерекесінің онкүндік наурызнамасы аясындағы ұлттыұ киім күні аудандық мідениет үйінің ұйымдастыруымен аудан мекемелерінің арасында “Ұлттыұ киім-ұлт ажары” атты аудандық байқау өтті. Осы байқауға өз ниеттерін білдірген 7 команда өзара жарысқа түсті.

Жарысқа қатысқан мекеме ұжымдары алдымен жеребе таңдап, өздерін видеоматериал және көрініс арқылы өздерін керемет таныстырып өтсе, келесі кезеңде өздерінің өнерлерін сазнада көрсетіп, ұлттық садәстүр көрсетіп жатты. 3 кезеңде командалар үйден дайындап әкелген ұлттық тағамдарын әкеліп әділ-қазы алқаларына таныстырды. Соңғы кезең байқаудың аты айтып тұрғандай қатысушылар ұлттық киімнен сән үлгісін көрсетті. Әр мекеме ұжымы жас кезеніне байланысты киімдерін киіп, түсіндіріп айтып берді. Жалпы байқаудың 4 кезеңінен сүрінбей өтіп әділ-қазы алқаларының шешімімен 1 орынды Науырзым Мемлекеттік табиғи қорығы жеңіп алды. Жүлделі 2 орынды Жамбыл жалпы білім беретін мектебі иеленсе, 3 орын аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі иеленді.

– Болашақ ұрпақ ұлттық киімнің қадір-қасиетін біліп, заман талабына сәйкес лайықтап киіп жүрсе, сөйтіп сан мыңдаған ғасырлардан бері келе жатқан ата-дәстүрі жалғасын тапса, ұлттық сәнге айналып, қалыпты нәрсе ретінде күнделікті өмірімізге енсе, нұр үстіне нұр болар еді. Ұлттық киімді ұлықтап жүрейік, осы орайда барлық қатысқан мекеме ұжымдарына алғыс білдіремін – дейді мәдениет үйінің директоры Гүлнұр Жақсылықова.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоларды түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Денисов ауданындағы көкпаршылар дайындықтарын пысықтады

Ауданымыздағы Покрок ауылдық округіне қарасты Досов ауылының көкпаршылары әз-Наурыз мейрамында өнер көрсетпек. Шабандоздар 28-наурызда болатын…

1 час назад

Бүгін Сарыкөл кентінде көптен күткен спорт кешені ашылды

«Сұңқар» дене-шынықтыру кешенінің ашылу салтанаты – Ұлыстың ұлы күніне тарту болды (далее…)

2 часа назад

Қарамеңділік ата-аналар мен оқушылар наурыз мерекесін тойлады

Наурыз – жаңа күннің бастауы. Табиғаттың жаңарып, тіршіліктің жанданып, ниеттің тазарып, жақсылықтың, ізгіліктің оянатын шағы.…

2 часа назад

Синоптики сообщают о повышении уровня воды в реках Костанайской области

Об этом информируют специалисты РГП “Казгидромет”. Об этом пишет "Наш Костанай" (далее…)

3 часа назад

В Костанайской области проводится организованный отгон скота из паводкоопасных зон

В целях предотвращения потерь в сельском хозяйстве и обеспечения безопасности животных разработана карта мест эвакуации…

3 часа назад

В Костанайском районе обсудили подготовку к весенне-полевым работам

Ожидается, что сельхозработы в регионе, в связи с потеплением, начнутся раньше прежних сроков, сообщает "Наш…

3 часа назад

This website uses cookies.