Науырзым ауданында өлшеусіз еңбек еткен әйел бейнесі

Сот саласына саналы ғұмырын арнаған

Халық қашанда “Қара қылды қақ жара білетін”, əділдіктің туы жығылмауына күш салатын сот жүйесіне сенім артады. Оларды шындық пен ақиқаттың темірқазығы деп біледі. Міне бүгін біздің сөзімізге арқау болып отырған Науырзым ауданының аудандық сотында қоғамдағы жеке адам мен мемлекеттің негізгі құқықтары мен мүдделерінің бұзылмауын басты назарда ұстап, сот әкімшісінің басшысы ретінде қызмет еткен Үртембаева Рахима Алпаисқызы.

1963 жылы Науырзым ауданының кең даласында дүниеге келген Рахима Алпаисқызының еңбек жолы осы өлкеден бастау алды. Оның заң саласындағы қызметі 1984 жылы Жаңадала аудандық сотында сот отырыс хатшысы ретінде басталып, болашақтағы айшықты жетістіктеріне алғашқы қадам жасалды.

Рахима Үртембаева, өзінің жауапкершілігі мен еңбекқорлығының арқасында 1987 жылы Науырзым аудандық сотына бас маман – сот отырыс хатшысы лауазымына ауысты. Бұл қызметті ол 2019 жылға дейін абыроймен атқарды. Осы жылдар ішінде ол көптеген іс-шаралар мен маңызды сот отырыстарына қатысып, құқықтық тәртіптің сақталуына үлкен үлес қосты.

– Жастайымнан әділдікке деген ұмтылыс мені заң жолына жетеледі.  Басында сот отырысының хатшысы ретінде қызмет еттім. Сол кезде мен өзімді үлкен бір жауапкершіліктің, заңның ақ пен қараны айқындайтын әлеміне аяқ басқандай сезіндім. Мен үшін бұл жұмыс жай ғана қызмет емес, өмірлік мәнге айналды. Осы қызмет арқылы мен заңның маңыздылығын және әділдіктің құндылығын түсіндім. 2019 жылы кеңсе меңгерушісі лауазымына тағайындалып, өзімнің басқарушылық қабілетімді таныттым,-дейді Рахима.

2023 жылы мамыр айынан бастап, зейнеткерлікке шыққанға дейін Сот Әкімшісінің басшысы лауазымын абыроймен атқарып келді. Оның көшбасшылығы мен ұйымдастырушылық қабілеті сот жүйесінде маңызды рөл атқарды.

-Сот саласында қызмет ету оңай емес, әсіресе, сот отырысының хатшысы болу ерекше жауапкершілікті талап етеді. Мен осы қызметті атқарып жүргенде әрбір азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істің әр сәтін қалт жібермей, сот отырысының хаттамасын қолмен жазатын едім. Әрбір тараптың – прокурордың, адвокаттың, куәгерлердің – сөздерін мұқият тыңдап, олардың әрбір айтқанын қағаз бетіне түсіріп отыру үлкен ұқыптылық пен зейін талап ететін. Бір де бір сөздің жіберілмеуі керек, бәрі толық және нақты жазылуы тиіс болды,-деді Рахима Үртембаева.

Сот саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, өз ісіне адалдығы мен жауапкершілігі арқылы көптеген марапаттарға ие болды. 2012 жылы алған “ҚР Жоғарғы Сотының II дәрежелі сот жүйесінің үздігі” төсбелгісі оның еңбегінің айқын дәлелі. Сонымен қатар, Рахима Алпаисқызы “Мінсіз қызмет үшін”, “Сот жүйесіне 30 жыл” және “ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл” секілді мемлекеттік марапаттарға ие болды. Бұл марапаттар оның көп жылғы қажырлы еңбегі мен сот жүйесіне қосқан қомақты үлесін танытады. Ол тек өз қызметіне ғана емес, білімін шыңдауға да ерекше көңіл бөлді. Алматы қаласындағы “Қазақ құқық және халықаралық қатынастар” институтында оқып, жоғары білім алды. Оның заң саласындағы терең білімі мен тәжірибесі сот жүйесінде жоғары бағаланып, оны үздік маман ретінде көрсетті.

-Әр сот отырысы өзінің маңыздылығымен ерекшеленіп, әр істің артында адамдардың тағдыры тұрғанын сезінесің. Осындай жауапкершілік жүгі мені ешқашан бей-жай қалдырған емес. Кейде қиын сәттер, тынымсыз күндер болған шығар, бірақ мен үшін бұл жұмыстан бас тарту ешқашан ойыма келген емес. Мен сот залындағы әрбір сәттен өмірлік тәжірибе алдым, әрбір іске қатысты адам тағдырына араласқандай болдым. Мүмкін, бұл жұмыс ауыртпалық түсірген де болар, бірақ мен әрқашан әділдікке деген сенімімді жоғалтпадым, сот саласының күрделі және маңызды жолында өз орнымды таптым. Сол үшін бұл қызмет менің жүрегімде мәңгіге орын алды,-деп атап өтті Рахима Алпаисқызы.

Қырық жылдық қажырлы еңбегі сот саласында қызмет етіп жүрген жас мамандарға үлкен үлгі болары анық. Бүгінде Рахима Алпаисқызы отбасында қамқор жар, ардақты ана. Жолдасы мен екі қызы, бір ұлы оның өмірінің басты тірегі болса, өзі оларға әрқашан қолдау көрсетіп келеді.

Қажырлы еңбектің құрметі мен абыройы әрқашан лайықты бағаланады. Сот саласында талмай тер төгіп, әділдік пен адалдықтың жаршысы болған ол, зейнетке шыққаннан кейін де өз ісінің үздігі ретінде танылуда. Қыркүйектің 20-сы күні Науырзым аудандық сотының төрағасы Алмаз Барболұлы Қостанай облысы бойынша департаментінің алғыс хатын табыс етуі – оның қызметіне деген құрметтің көрінісі.

Дильназ Изделюева, Суретті ұсынған кейіпкер

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Полицейские и волонтеры продолжают поиски пропавшего жителя Костанайского района

Уже неделю продолжаются поисковые мероприятия по установлению местонахождения без вести пропавшего жителя Костанайского района, Сергея …

11 часов назад

Число получателей адресной социальной помощи снизилось на 40% в Костанайской области

Если в 2023 году ее получали 3964 семьи, то в результате всех предпринятых мер сейчас…

11 часов назад

В стране ввели ограничение на вывоз картофеля: какие запасы есть в Костанайской области?

Экспорт приостановлен в третьи страны на полгода, сообщает "Наш Костанай". Эта мера не распространяется на…

13 часов назад

В полиции Костаная предупредили о мошеннических действиях с поддельными QR-кодами

Специфическая форма фишинга, при которой мошенники используют QR-коды для обмана граждан и кражи их конфиденциальных…

14 часов назад

Почему пропадает свет: аулиекольские энергетики прокомментировали сбои в подаче электричества

Жители сел Аулиеколь и Аманкарагай обратились в редакцию с просьбой осветить проблему частых отключений электроэнергии.…

14 часов назад

Восемь промышленных проектов области позволят создать 3400 новых рабочих мест в 2025 году

Такие цифры на заседании акимата области привел глава региона Кумар Аксакалов. (далее…)

15 часов назад

This website uses cookies.