Науырзым ауданында кәсіпкер акцияға үлес қосты

 Тамыз айы басталғаннан оқуға дайындық басталады.

Мектепке баратын оқушыға бәрі керек. Мектеп формасы, оқу құралдары, спорт киімі, сөмке, аяқ киім, қысқасы бәрін түгендеу де оңай емес. Ал баға жылдан-жылға көтеріліп, жеткізер емес. Сондықтан  қалтаны біраз қағуға тура келеді. Әрине, баласы үшін еш ата-ана аянып қалмасы анық. Барын салып, баласын ешкімнен кем қылмауға тырысып, шама-шарқы жеткенше керегін түгендейді. Бірақ өкінішке қарай баласын мектепке дайындай алмай қиналатын жағдайлар да жиі кездеседі.

Осындайды алдын ала ойластырып елімізде «Мектепке жол» акциясы өз жұмысын бастады. Акцияның мақсаты бикі. Түсінген жан артығмен бөлісіп, өзгеге көмек береді. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына, әлеуметтік қиындықтары бар жандарға қол ұшын созады. Ұйымдастырылып отырған бұл жоба көптеген отбасының мектепке дайындық жұмыстарын жеңілдетіп, барынша сеп болып отыр.
Жыл сайын тамыз айының алғашқы күнінен басталатын акцияға демеушілер мен меценаттар тарапынан көрсетілген көмек-қолдаулардың үлесі зор.

Бұл бастама әр аудан, қалаларда өтіп жатыр. Оқушылар алаңсыз сабақ оқып, білім алуы үшін жасалған қам десек те болады. Бірақ ешкімге міндетсімей, қайырымдылық қылған жанға да рақат береді емес пе?!

Қайырымдылық бастамасы Науырзым ауданында да басталып кетті. Ауған соғысының ардагері, ҚР ның ІІМ запастағы полиция майоры, Мереке ауылының тумасы Омаров Алмат та барынша көмек беріп жатыр. Ол қазіргі таңда Қостанай қаласында тұрады. «Архат» шаруа қожалығының төрағасы. Ол кісі республикалық қайырымдылық «Мектепке жол» акциясы аясында Науырзым ауданының Мереке негізгі орта мектебінің 15 оқушысына 300 мың теңге бөліп, мектеп формаларын, мектеп құралдарын және мектеп рюкзактарын алып беруге көмек көрсетті.

–Осы бір маңызы зор «Мектепке жол» науқанының аясында берекелі, бірлігі жарасқан ел екенімізді танытып, барлығымыз бірдей мұқтаж жандарға көмек қолын созсақ, нұр үстіне нұр болары хақ. Өткен жылы осы акцияның аясында аудандағы 76 баланың мектепке дайындығына 2 813 500 мың теңге көлемінде қолдау көрсетіліп, қажетті құрал-жабдықтар алынды. Биыл да республикалық акцияға кез келген азамат үлесін қосып, атсалыса алады. Бастысы ниетіміз түзу болсын. Өмірде небір қиын жағдайлар бола береді. Сондайда бір-бірімізді демесек, адамдыққа жатады. Көмек алған балалар да өсер, ат жалын тартып ер жетер. Олар де еліне үлесін қосар. Ал жақсылық ешқашан ұмытылмайды, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Сақан Төленов.

–Биылғы жылы тізімге 88 бала алынды. Сол балалардың 18-і қамтылды. Оған 400 мың теңге кетті. Әлі де көмек қолын созатындар табылад деп ойлаймын, – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Әмина Әмірғалиева.

Ай ӘБДІЛДА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 3