Науырзым ауданында ауыл мектептеріне арналған олимпиада өтті

IQanat олимпиадасының алғашқы кезеңі басталды.

Олимпиадаға ауылдық аймақтардағы 97 оқушының 61 сегізінші сынып оқушылары қатысуда. Бұл ерекше сайыста балалардың академиялық жетістіктеріне қарамастан, әрқайсысына өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік берілген. IQanat тапсырмалары дәстүрлі тестілеуден ерекшеленіп, логикалық және математикалық ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілін меңгеру дағдыларын бағалауға бағытталған.

2024 жылдың 30 қазанында аудан орталығындағы Докучаев жалпы білім беретін мектебінде ауыл оқушыларының «IQanat» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданы IQanat қоры ұйымдастырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен ұсынылған пәндік олимпиадалар тізіміне енгізілген. IQanat олимпиадасы ынталы ауыл оқушыларын табу және қолдау, олардың қабілеттерін ашуға көмектесу, білімге деген қызығушылықтарын ояту, оқудың барлық кезеңінде тәжірибелі тәлімгер іздеуді жеңілдету, оларға өз-өзіне сенуге және таңдауға үйрету мақсатында өткізіледі. Олимпиадаға мектептердің 8 сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың ашылу салтанатына IQanat білім беру қорының өкілі Сара Ержанова қатысып оқушыларға сәттілік тіледі.
– IQanat жобасы ауыл балаларына ең қажетті дағдыларды жүйелі түрде меңгеруге көмектеседі. Бұл – біздің еліміздің тұрақты дамуына қосқан үлкен үлес. IQanat жобасы негізі 2017 жылдан бері өтіп келеді. IQanat – ауылдық жерлердегі балалардың болашағын жарқын етуге арналған қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жобасы. Бұл бағдарлама аясында балаларға ҰБТ, IELTS сияқты халықаралық емтихандарға дайындық, ағылшын тілін меңгеру, IT және soft skills дағдыларын үйрену сынды дайындық курстары ұсынылады. Оқушыларысызға сәттілік тілеп, облыстық кезеңге жолдама алуларына тілектеспіз, – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Әмина Әмірғалиева.
Алғашқы кезеңнен сүрінбей өткен оқушылар екінші кезеңге жолдама алады. Ал екінші кезеңде үздік деп танылғандар республикалық слетке қатысады. Олимпиада жеңімпаздары «IQanat High School of Burabay» грантының иегері атанады. Болашақта бұл балалар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосарына сенімдіміз, дейді шараны ұйымдастырушылар.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған АББ
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қостанайда мемлекеттік рәміздер жобасы бойынша тыңдаулар өтті

Қостанай қаласында «Жанашыр бол» қоғамдық қоры ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырып жатқан «ҚР…

11 часов назад

Қостанай ауданында санитарлық тазарту айлығы жалғасуда

Қостанай ауданында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары аясында санитарлық тазарту айлығы жалғасуда. (далее…)

11 часов назад

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы Сарыкөл және Тәгіл ауылдарында өтті

Қостанай облысында «AMANAT» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған мобильді қоғамдық қабылдау Сарыкөл ауданының орталығында және Тәгіл…

13 часов назад

Руководитель отдела образования Костанайского района Алия Турткараева покинула пост

Пока мы выясняли, почему чиновница за бюджетные деньги собирается на обучение в Париж, нам стало…

16 часов назад

This website uses cookies.