Науырзым ауданына қарасты Дәмді ауылдық округінде жаңа әкім сайланды

 ҚР-ның «Сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес 15 қыркүйек күні Дәмді ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы өткізіліп, ауыл халқы өз таңдауын жасады.

«Қоғамдық пікір сауалдамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн» деген болатын. Міне, Президенттің бұл бастамасы заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етіліп, «Сайлау туралы» заңға өзгеріс пен толықтыру енгізілілген еді.

Аталған заң аясында 15 қыркүйек күні Дәмді ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлау №664 сайлау учаскесінде жергілікті уақытпен сағат 07:00-де мемлекеттік әнұранмен басталды. Дәмді ауылдық округі әкімінің сайлауына жергілікті тұрғындар белсене атсалысты. Сайлауға дауыс беру құқығына ие болған жастар мен қатар отбасымен келген жандарда болды. Сонымен қатар өзіңдік азаматтық борышым деп Рысбек Ещанов алғаш болып дауыс берді.

– Бүгінгі сайлауға ауыл халқы ұйымшылдықпен келуде. Мен өзімнің азаматтық борышымды өтуге, ауылымыздың жарқын болашағы үшін дауыс беруге келім. Таңдауымыз халық игілігі үшін қызмет етеді деп сенеміз. Жаңа әкімге ауылымыздың гүлденуі үшін қолынан келгенің жасайды деген ойдамыз. Сайлау әділ, жақсы өтеді деген сенімдемін, – дейді ауыл тұрғыны Рысбек.


-Дәмді ауылдық округі әкімінің сайлауы сайлау талаптарына сай өткізілді. Сайлау нәтижесінің қортындысы бойынша өзін-өзі ұсынған кандидат Жасұлан Рамазанұлы Исмагулов басым дауысқа ие болды. Жалпы сайлаушылар тізіміне 317 азамат енгізілді, олардың 251 дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны – 1, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған – 44 бюллетень болды. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Каргулов Е.К. – 34; Молдакәрім Ә.М. – 25; Исмагулов Ж.Р. – 147 дауыс жинады. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық болмады, – дейді аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Анна Ишутина.

Дәмді ауылдық округінің әкімі болып сайланған Жасұлан Рамазанұлы Исмагулов 1989 жылы дүниеге келген, «Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Науырзым ауданы Қарамеңді ауылында тұрады. Білімі жоғары.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5