Есігімізден еніп, төрімізден орын алатын Жаңа жыл барша адамдар үшін ортақ мереке, әсіресе, оның балалар өмірінде алар орны айрықша.
Бүгін аудан орталығында Науырзым ауданы білім бөлімнің ұйымдастыруымен Докучаев жалпы білім беретін мектебінде аудан әкімінің шыршасы өтті.
Жаңа жылдық шараға аудан әкімі Мәди Ихтиляпов, білім бөлімнің басшысы Сахан Оңжанов және мектеп директорлары қатысып, мерекелік кештің құрметті қонақтары болды.
Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасына ауданның барлық мектептерінен 60-тан аса бала қатысты.
Мерекелік шарада аудан әкімі Мәди Ихтиляпов сөз сөйлеп, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
– Біз келе жатқан Жаңа жылдан жақсылық пен жаңа жаңалықтар күтеміз. Жаңа ықыласпен, игі тілектерімен жаңа жылға қадам басамыз. Жас бүлдіршіндерге зор денсаулық тілеймін, оқуда озат болып, зерек те білімді, тәрбиелі азамат болуларына тілектеспін. Жаңа жыл жаңа жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктерге толы болсын, – деген аудан басшысы.
Жаңа жыл шыршасы барысында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Әр бала велосипед пен тәтті қорап сыйланды.
Жоғары деңгейде өткен кеште ғажайыпқа толы қойылымдар қойылып, мерекелік думанды жандандыра түсті. Балаларға кеңінен таныс ертегі кейіпкерлері, жаңа жылдың символына айналған Аяз ата мен Ақшақар шырша қуанышын бірге бөлісіп, балалар өздері жаттап келген тақпақтарын айтты.
Ескі ұлу жылын ризашылықпен шығарып салған оқушылар жылан жылын ыстық ықыласпен қарсы алды.
Жаңа жылдық керемет қуаныш пен шаттыққа толы аудан әкімінің балаларға арналған шырша тойы балалар үшін өте қызықтырып және есте қаларлықтай деңгейде ұйымдастырылды.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Сотрудниками прокуратуры Аулиекольского района Костанайской области в ходе проведения рейдовых мероприятий на территории леса установлен…
Власти же заявляли обратное и не хотели слушать людей,•об этом сообщает "ТоболИнфо" Село Новоселовка оказалось…
КПФ АО QazaqGaz Aimaq подало заявку на изменение розничной цены. Об этом пишет "Наш Костанай"…
По архивным данным в период депортации в Карасуский район прибыли 3 602 человека, для их…
Два дня назад подтопление сельского кладбища у села Новосёловка было угрозой, сегодня, к сожалению, это…
Мероприятие прошло 22 февраля. Участники выезжали за город, катались на горках, играли и весело проводили…
This website uses cookies.