Науырзым ауданында дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның әуесқой балықшы ересектері мен жастарының арасында балық аулаудан турнир өтті.
Ерекше жарыс Қарамеңді селолық округіне тиесілі Ұзынқоға көлінің маңайында ұйымдастырылды. Аудандық турнирге барлығы 20 үміткер қатысты. Бәрі де бала кезден балық аулап, қармақ салып жүрген азаматтар. Олардың барлығы да өмірдің бір қызығы балық аулау деп біледі.
Сонымен көл маңына жиналған балықшылар жарыстың ашылуын салтанатты түрде өткізіп, бас төреші Айтбай Ерубаев сөз алып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыс болған соң шарты болар сөзсіз. Төреші балық аулау үшін 1 жарым сағат уақыт межесін белгіледі.
Сонымен не керек бар құрал саймандарын әзірлеп келген балықшылар қармақтарын көлдің әр тұсынан салып тұра қалды. Уақыт болса жүйткіп өтіп жатыр. «Қап, қармағым, қап» деп тұрған оларға балық бірден түсе қоймасы белгілі. Бұл сайыста «менмін» деген балықшылар бәс түігіп жатқандары белгілі. Бірінен-бірі қалғысы келмей, бар «өнерлерін» салуда.
Балықшылардың айтуынша, балық аулау оңай емес. Оның да өзіндік қыры мен сыры бар. Бірақ адамға берер пайдасы шаш етектен. Оның бәрі де балық алып, қарынды тойдыру үшін емес, жүйкені демалтып, рахаттанып бой жазу үшін қажет. Қазргі кезде балыққа шыған жігіттер ауларын алып, балықты қырып кетеді. Балықшылардың ойынша ол мүлде бұрыс емес. Балық аулау спорттың түрі әрі демалыс. Сондықтан табиғатты да аялап, балықтардың «тілін» ұғынып, олардың да көбеюіне жол беру керек.
–Осындай турнир өткізейік деген ұсыныс балықшылардан пандемия кезінде түскен болатын. Бірақ реті келмей, уақыт өте берді. Тіптен керек марапаттарымызды да алып қойып жүрдік. Өткізетін көлдің таба алмай, ауа-райы да болмай ретін алмай жүрдік. Соның сәті бүгін түсіп отырған сияқты. Аудан орталығынан 20-30 шақырым жерде Ұзынқоға деген су қоймасы бар еді. Сол жерде бас қосамыз деп шештік. Балықшы кісілердің өздері іс-шараны ұйымдастырып алып кетті. Өте қызықты өтті. Бас төреші етіп Айтпай Ерубаев деген азаматты қойдық. Ол кісі керемет қолы жүретін балықшы. Балық аулағанды жақсы көреді. Төрелігін жасап, бәрін әділ саралады. Алдағы уақытта жылына бір рет болса да өткізіп тұрамыз деп келістік. Оны енді алдағы уақытта көре жатармыз, – дейді аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Жабағин.
Мұндай турнир өткізу үшін балықтың жүріп тұратын кезеңі керек екен. Ауға түскенімен қалмаққа қаптыру оңай емес. Ал балық аулайтын кісілердің өзіндік ұстанымдары, былайша айтқанда «заңдары» бар. Оны тек балықшы ғана түсінсе керек.
Сонымен балықшы азаматтар берілген уақыттың ішінде түрлі балық ұстады. Бірақ солардың ішінде шолақсайлық Қанат Баяхметовтің балығы ең салмақтысы болды. Оның балығының салмағы 3 келі 150 граммды көрсетіп тұр. Сөйтіп ол бірінші орынды алды. Ал қарамеңділік Қайрат Тұрабеков 1 келі 920 грамм басатын балығымен екінші орын алса, Дүйсенбай Молдахметов үшінші орында иеленді. Оның балығы 1 келі 700 грамм болды. «Ең үлкен балық» номинациясы бойынша 400 граммдық табан алған қарамеңділік Талғат Иманбаев арнайы кубокпен марапатталды.
–Өзім Қарамеңдіде тұрамын. Бала кезден өзеннен балық аулап өстік. Содан болар балық десе жанымды беруге даярмын. Осындай жарысқа дайындықты 20-шы жылы бастадық. Содан бері өткізе алмай жүрдік. Осы жолы бәріміз басымызды қосып, ұйымдастырдық. Өте жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар да көп. Енді жазда ғана емес, қыста да ұйымдастырсақ па дейміз. Бұл жарыс қана емес, демалыс. Өзім балық аулауға күнде барамын. Әкімдікте күзетшімін. Әттеген-айы, бірінші орын ала алмай қалдық, – дейді үшінші орын иегері Дүйсенбай Молдахметов ағамыз.
Жарысқа қатысушылар тек қармақпен аулайды. Жарыстың шарты осы. Тіптен ағамыз аумен аулаған дұрыс емес деген ұстанымда.
–Қазір бәрі бар, ешкім аш емес. Аумен емес, өзіне жетерлік керегін қармақпен ауласа да жетіп жатыр емес пе. Кейбіреулер көздері тоймай, машинаға тиеп тұрып әкетеді. Ол дұрыс емес. Қолдан келгенше табиғатты қорғап жүремін. Енді осыны дамытып, жақсы сыйлықтар қойса тамаша болады. Біз балықшы болғанымызбен мұндай турнирге алғаш қатысып отырмыз. Өте тамаша көңіл-күй сыйлайды екен. Ауқымын да кеңейтсе болады, – дейді ағасы.
Барлық қатысушылар бөлім тағайындаған кубок, медаль, грамоталар мен балық аулауға қажетті құрал-саймандармен марапатталды. Қазіргі заманда күйзеліске жиі ұшырайтын адамдар көп. Шаршағаныңды басып, күйзелісіңді жеңуге көмектесетін, өмір сүруге деген құлшынысыңды арттыратын демалыстың әрі спорттың ерекше түрі – балық аулау. Ендеше спорттың бұл түрі де дами берсін.
Ай ӘБДІЛДА.
Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)
Обе стороны представляют именитые адвокаты (далее…)
Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)
Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…
Изначально оно должно было пройти 21 декабря, затем его перенесли на 20 декабря, а вчера…
Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады. (далее…)
This website uses cookies.