Ауданымызда “Еркемай” оқу орталығы ашылды

Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында түрлі бағдарламалар мен ұлттық жобалар жүзеге асырылып келеді. Бұл салаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша көңіл бөліп, жыл сайынғы Жолдауында тиісті тапсырмалар беріп келеді. Бизнес бастаймын дейтін азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау көп. Айталық «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында берілетін қайтарымсыз грант.

Бүгінде ауданымызда грант алып, өз ісін жүргізіп отырған жандар жетерлік. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар. Олар ешкімге алақан жаймай, керісінше өзгелерге жұмыс ұсынып, халыққа қызмет көрсетіп келеді. Осындай тұрғынның бірі Айдын аудан орталығынан “Еркемай” оқу орталығын ашты. Оқу орталығының ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ғабит Омарханов қатысып жас кәсіпкерге сәттілік тіледі.

– Ауданымызда мемелекеттік қайтарымсыз грант алып жатқан жастардың қатары күн санап артып келеді. Біз қуаныштымыз, оның үстіне бүгінгі ашылған оқу орталығы аудан халқына сапалы қызмет көрсетеді деген сенімдемін. Болашақ ұрпағымыздың білім сапасы үшін қажетті, құрал жабдықтармен қамтылған. Арнайы курс бағдарламасы дайындалған. Айдынға бастап жатқан ісіне сәттілік тілеймін, – деді.

Айта кетейік, былтырғы жылдан бастап қайтарымсыз грант мөлшері ұлғайтылған болатын. Былтыр кәсіп ашқысы келетін жандарға 1 380 000 мың теңге берілсе, қазір 400 АЕК жеткен, яғни, 1 470 800 мың теңге көлемінде алады. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

-“Бизнес бастау” жобасы жайында естігенде, бірден ауданда жоқ жоба ұсынғым келді. Көп ойланып, іздендім. Нәтижесінде оқу орталығын ашқым келді. Себебі, қазіргі таңда балалардың көбі телефонда отырады. Оқуға немесе жазуға ниеттері болмай жатады. Сонымен қатар, көп ата-аналар жұмыс бабымен қолдары босамай жатады. Біздің орталықта жылдам оқыту, көркем жазу, математика, мектепке дайындық сынды курс сабақтары бар. Мектепке дайындық 2 сағаттан болса, жылдам оқу, көркем жазу, математика әр курс 1 сағаттан өтеді. Балаларға жоғары білімі бар, жоғары санатты мұғалімдер сабақ береді. Қазіргі таңда орталыққа келуші оқушы саны 20 бала. Осы бағдарлама арқылы оқу орталығына қажетті барлық жабдықтарды алып, мұғалімдерге ыңғайлы жағдай жасалынды, – дейді жас кәсіпкер Айдын Хамзин.

-Өз тарапымыздан Айдынның бастап жатқан кәсібіне сәттілік тілейміз. Ауданымызда бұрын соңды бұндай жоба болмаған. Оқу орталығына келушілердің саны арта берсін дейміз. Негізінен екі жылдан бері ауданымызда бұрын соңды болмаған жобаларға грант берудеміз, -деді комиссии мүшесі Данияр Тасанов.

Мемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз берілген бастапқы капитал.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Журналиста Максима Сушко признали невиновным по делу о клевете в адрес акима п. Октябрьский

Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

2 дня назад

Наурзумцы получили долгожданный автомобиль скорой помощи

Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)

2 дня назад

Класс памяти о погибшем герое, который спас ребенка, открыли в Аулиекольском районе

Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…

3 дня назад

По какой причине перенесли зажжение главной елки в Костанае?

Изначально оно должно было пройти 21 декабря, затем его перенесли на 20 декабря, а вчера…

3 дня назад

Қамыстылықтар жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде

Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады. (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.