“Мектепке жол” қайырымдылық акциясы аясында форум қатысушыларына мектепке қажетті жиынтық табыс етілді

Науырзым ауданында Мемлекеттік тілге 7 қадам” форум аясында “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы өтті.

Мақсаты мемлекеттік тілде үйреніп жүрген “Мемлекеттік тілге 7 қадам” жобасына қатысушы балаларды қолдау, оларды мектепке қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз ету болып табылады.

Акция Қостанай облысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының “Жомарт жан” қайырымдылық орталығы, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ демеуші “Нұрқан А” жеке кәсіпкер дүкенінің қолдауымен өткізілді.

“Мектепке жол” акциясы аясында 60 жиынтық дайындалып берілді.

Осы акция аясында Науырзым ауданы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Сапабек Қыдырбайұлы жастарға ақжарма, тілегін жеткізіп, мемлекеттік тіліміздің қастерлеп, әрқашан құрметтеуге шақырды.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген Ерали Серікбай


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2