Онда Еңбек Ері Сайран Бұқанов жайлы жан-жақты айтылды
Бүгін облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде ҚР ауылшаруашылық күніне орай «Еңбек ерлікке бастайды» деген тақырыпта Қостанай облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқановпен кездесу болып өтті.
Бұл басқосуға Қостанай қаласы ардагерлер кеңесінің мүшелері – Амантай Бегалин, Ғайыпназар Қойшин, Әлмағамбет Ешмұхамбетов, ауылшаруашылық басқармасының қызметкері Нұрсұлтан Нұржанұлы қатысты.
Музей қызметкері Айымгүл Омарқанова мәртебелі қонақ Сайран Бұқановтың қоғамдық қызметі мен еңбек жолына жан-жақты тоқталды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Жалғас Бекзат және балалар шығармашылық мектебінің «Нұр әуен» студиясының шәкірттері жиналған жұртшылыққа өз өнерлерін көрсетті.
Сондай-ақ басқосуда ардагерлер мен жастар Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Балкенұлына арналған «Біздің заманымыздың батыры» атты телеочеркті тамашалады.
Студенттер елімізге белгілі азамат, қоғам қайраткеріне көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Кеш өте әсерлі өтті.
Оразалы Жақсанов
Об этом на брифинге сообщил директор Костанайского областного филиала АО “НК “ҚазАвтоЖол” Андрей Горват. Об…
Арендаторы передают неиспользуемые ими участки в фонд государства. (далее…)
Биылғы мереке былтырғыдан өзгерек форматта өтті (далее…)
Денисов ауданының орталығындағы балалар кітапханасында жұмыс істейтін Маргарита Николаенко есімді кітапханашы бар. Ол қазақ тілінде…
Аким района Ерлан Жаулыбаев посетил крупнейшее сельскохозяйственное предприятие ТОО «Алтынсарино», где идет подготовка к предстоящей…
This website uses cookies.