Категории: Без рубрики

Ұлы ақынға құрмет көрсетті

Қазақ театрында Ғафу Қайырбековты еске алды

Жақында Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында ұлтымыздың біртуар көрнекті ақыны Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығына байланысты еске алу кеші болып өтті.

Бұл басқосуды Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, талантты ақын, драматург әрі ғалым Ақылбек Шаяхмет жүргізді.

Кеште облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов сөз сөйлеп, Ғафу Қайырбековтың қазақ әдебиетіне косқан қомақты үлесі жайлы жан-жақты айтып берді.

Сондай-ақ есімдері елімізге кеңінен танымал сатирик-жазушы Ғұмар Ахметчин, белгілі ақын әрі ғалым Нағашыбай Мұқатовтар даңқты жерлесіміз әрі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты жайлы әңгімеледі.

Осы жиында 90 жасқа толған аса танымал ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, көпшілікке ұмытылмас жоғары көңіл-күй сыйлады.

Оразалы Жақсанов

admin

Недавние новости

Аулиекольские артисты поблагодарили земляков за поддержку

Ценным подарком в преддверии Дня благодарности стал праздничный концерт в честь сподвижников. (далее…)

2 дня назад

Қамыстылық алты әкім біліктілігін арттыруда

Өңірлерде жергілікті тұрғындар сайлаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. (далее…)

2 дня назад

150 аулиекольцев состязались за медали по лыжным гонкам

Районные зимние соревнования прошли в рамках I зимней областной спартакиады. (далее…)

3 дня назад

Мендыкаринский морг возобновил свою деятельность благодаря частному бизнесу

Все услуги, которые оказывал морг, теперь будет осуществлять индивидуальный предприниматель Владимир Крукович. (далее…)

4 дня назад

This website uses cookies.