Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерімізді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.
Сарыкөл ауданы да бұл іс-шарадан тыс қалмады. Аудан әкімі Амантай Балғарин өзі бастап, қарамағындағылар қостап, барлық мекеме қызметкерлері ұлттық нақышта киініп, ұлттық киімдерімізді насихаттады.
– Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз! Осыны ескерген Мемлекет басшысы Қасым-Жоамрт Тоқаев Наурызнама онкүндігінің бір күнін Ұлттық киімге арнау туралы шешім қабылдады. Бұл айтулы күні біз әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін мақтан тұтуға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырамыз. Келе жатқан Ұлыстың ұлы күнімен баршаңызды құттықтаймын, – деді Амантай Кәкімбекұлы.
Иә, ұлттық киім – ұлттың айнасы. Қазақ халқы бағзы заманнан бері сан түрлі киім үлгілерін жасап, олардың басқосудың мағынасына қарай кие білген. Киім жай ғана шүберек емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні зор.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Аймақтық әншілер байқауы (далее…)
Специалисты ведут постоянный мониторинг мест отрождения саранчи (далее…)
Перелески ауылының ежелгі тұрғыны Владимир Зениннің «Кировец-700» тракторын тізгіндегеніне 50 жыл. Ол өмір бойы ауылдағы…
Перелески ауылының кітапханашысы Наталья Димбаева мамандығын ерекше құрметтейтін жан. (далее…)
Егістік көлемі молаяды (далее…)
В селе Аманкарагай Аулиекольского района в апреле стартовал долгожданный капитальный ремонт сельского Дома культуры. (далее…)
This website uses cookies.