Арқа ауылында тұратын ардагер-ұстаз Сәлима Төлебаеваның есімін ауыл халқы жақсы таниды, құрметтейді.

Ол саналы ғұмырын ауылдағы орта мектепте арнады. Бастауыш сынып мұғалімі болған ол білгенін балаға үйрете білді. Ол өз мамандығын шын сүйетін мұғалім, нағыз ұстаз деген атқа лайық болу үшін өз уақытын аямай, ұзақ жыл білім саласында қызмет етті. Оның өмірі мен еңбек жолы қазақ қоғамында үлкен құрметке ие болып, қазіргі педагогтар мен шәкірттер үшін шынайы үлгі боларлықтай.

Еңбек ардагері Сәлима апамыз 1939 жылы Қостанай облысы, Денисов ауданы, Орджоникидзе поселкесінде дүниеге келген. Оның балалық шағы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Әкесі Әмір Шаймұхамедов соғысқа алынып, шешесі Әнипа үш баланы жалғыз өзі тәрбиелеп өсірді. Бұл қиын жылдар Сәлима мен оның бауырларына қиындықты бастан өткертіп, оларды еңбекке баулыды. Жастық шағында таршылықты, кедейшілікті көріп өскен Сәлима апамыз мықты, қайсар және еңбекқор болып қалыптасты.

Өзінің білімге деген құштарлығын сезінген Сәлима Денисов орта мектебін аяқтап, білім алу жолында алғашқы қадамдарын жасады. 1950 жылдары ол үш айлық курстан өтіп, Денисовтағы нан қабылдау пунктінде лаборант болып жұмыс істей бастады. Бірақ ол өзіне ұнаған ұстаздық қызметке қарай қадам басып, Денисов ауданындағы білім бөлімінде хатшы-машинист болып қызмет етті.

1960 жылы Сәлима апамыз өміріндегі ең маңызды қадамды жасайды – Әлімхан Төлебаевқа тұрмысқа шығып, Камышнин ауданы, Тохтаров совхозына қоныс аударады. Мұнда ол жетіжылдық мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Кеңес үкіметі кезінде совхоздарда мұғалімдер жетіспейтін болғандықтан, Сәлима сияқты еңбекқор педагогтарға үлкен сұраныс болды. Білім беру ісінде өзінің жоғары кәсібилігімен ерекшеленген ол көп ұзамай жаңа білім ошақтарына ауысып, өзінің ұстаздық жолын жалғастырды.

Сәлима Төлебаева өзінің 40 жылдық ұстаздық қызметінде КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қазақ ССР оқу министрлігінің аға мұғалімі, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі атағына ие болды. Оның шәкірттері мен қызметтестері оның еңбекқорлығын, жауапкершілігін және кәсіби біліктілігін жоғары бағалады. Сонымен қатар, ол ұрпақ тәрбиесіне де ерекше мән берді. Өмірдің барлық қиыншылықтарына қарамастан, ол үш баласын да адал еңбекке баулыды. Ұлы Ермек құқық қорғау саласында қызмет атқарып, полковник атағын алған, ал қызы Сәуле Арқа ауылындағы Красный Октябрь мектебінің директоры болып, аудандық мәслихаттың депутаты қызметін атқарды.

– 1960 жылы Жітіқарадан жолдасымның жұмыс бабымен осында көшіп келдік. Ол кезде жас отбасы едік. Сәуле деген қызым енді ғана дүниеге келген. Біз келген кезде бұл жер шағын ғана ауыл болатын. Бірте-бірте құрылыстар, түрлі әлеуметтік нысандар салынды. 1974 жылы жаңадан мектеп бой көтерді. Бізді сонда ауыстырды. Мен мектепте бастауыш сынып мұғалімі едім. Ол кезде мұғалімдер саны қырықтан асатын, – дейді еңбек ардагері.

Сәлима апамыздың өміріндегі тағы бір маңызды кезең – ол 1994 жылы зейнетке шыққаннан кейін де ұрпақ тәрбиесіне, қоғамға өз үлесін қосуды жалғастырды. Оның еңбегі тек педагогикалық салада ғана емес, сонымен қатар отбасы тәрбиесінде де айтарлықтай із қалдырды. Бүгінде ол алты шөбере сүйіп, өмірінің ең үлкен бақытын сезініп отыр. Арқа ауылының абыз анасына айналды. Жыл сайын ұстаздар күні қарсаңында ҚР Оқу ағарту министрлігінен Алғыс хаттар алып тұрады.

-Бұл менің көп жылғы еңбегімнің жемісі. Ұмытпайды, құрметтеп жатады. Оның сыртында оқытқан шәкірттерімнің өзі бір төбе. Әлі күнге дейін келіп, халімді біліп тұрады. Алыста жүрген шәкірттерім хат жолдап жатады, – дейді сексеннің алтынан асқан ана.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

На всех хватает доброты

Ее профессионализм, трудолюбие и забота о близких и не только вызывают искренне восхищение (далее…)

4 часа назад

Когда счастье в семье и в работе

Профессия Жадры Бекбаевой не совсем обычная для женщины - она инженеротдела по чрезвычайным ситуациям Узункольского…

6 часов назад

Еңбекқорлық пен жауапкершіліктің үлгісі

Қазақта «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген ғибратты сөз бар. (далее…)

7 часов назад

Жедел жәрдем беруге асыққан

Ауыл фельдшерінің айтары бар Октябрь ауылының фельдшері Ләззат Күнтуарованың медицина саласында еңбек етіп жүргеніне жиырма…

7 часов назад

This website uses cookies.