Өлеңді ауылдық кітапханасында “Саусақтар” театры өз оқырмандарын асыға күтеді

 “Саусақтар” театр жобасы аясында Өлеңді ауылдық кітапханасы ең жас оқырмандарына “Жеті лақ” ертегісінің театрлық көрсетілім жасады.

– Іс-шараның негізгі мақсаты халық ертегілері арқылы жас оқырмандарды кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Бұл іс-шара “Балдәурен” бөбекжайымен бірлесіп ұйымдастырылды. Түрлі- түсті қағаздан ертегі кейіпкерлерінің қуыршақтары жасалды, – дейді Өлеңді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Балкүміс Успанова.

Ең жас оқырмандарға қуыршақтар арқылы ертегі айтылып, мазмұның балалармен талқыланған. Балалар өте ыждахаттықпен тыңдап үлкен әсер алған. Ертегі соңында жас бүлдіршіндерге балалар әдебиетінің басқада ертегі кітаптарымен таныстырды.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31