Категории: Культура

Кітапханадағы мазмұнды кеш

Онда өңірге белгілі азаматтар жастармен жүздесті

Соңғы біраз жылдардан бері яғни 2013 жылдан бері елімізде отбасы күні аталып келеді. Соған орай Л.Н.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері де тәлімді жүздесу өткізуді  дәстүрге айналдырды.

Міне, осындай берері мол тағылымды кездесу жуырда осы кітапхананың қонақжай  залында ұйымдастырылды. Оны осы парасат ордасының қызметкерлері жоғары деңгейде өткізді.

Оған есімдері елімізге белгілі руханият саласының мамандары қатысты. Солардың бірі – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қостанай қаласының құрметті азаматы, танымал журналист-жазушы Оразалы Жақсанов.

Сондай-ақ осы басқосуға дін саласында аянбай еңбектеніп келе жатқан дінтанушы, Қостанай қалалық мешітінің наиб имамы Дүйсен Дайыр және белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева арнайы шақырылды.

Осы жиында құрметті қонақтар „Отбасылық құндылықты сақтайық„ деген тақырыпта әңгіме өрбітті. Мәселен, қаламгер Оразалы Отынбайұлы жалпы, адам өмірінде отбасының алатын орнына тоқталса, дін қайраткері Дүйсен Дайыр әрбір шаңырақтың сыйластығы, бірлік-берекесі жайлы сыр шертті.

Көп жылдардан бері руханият саласында жемісті қызмет атқарып келе жатқан ақын қызымыз Салтанат Өтелбаева отбасындағы татулық, бала тәрбиесі жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді.

Сондай-ақ бұл басқосуда Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Нұржан Жақсан мен болашағынан үлкен үміт күттіретін дарынды жігіт Нұрсұлтан Қасым жиналғандарға өнер көрсетті.

Жиынға Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысып, отбасының құндылықтары жайлы көп мағлұмат алды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

admin

Недавние новости

«Путь к истокам»: победителей викторины по истории Костанайского района наградили дипломами и призами

На все вопросы правильно ответили ученики ОШ им. Ыбырая Алтынсарина и школы-гимназии города Тобыл. Об…

4 часа назад

Полицейские Наурзумского района с наступлением весеннего сезона охоты напоминают о правилах отстрела дичи

С 12 апреля на территории Костанайской области начался сезон весенней охоты на водоплавающую дичь. (далее…)

6 часов назад

«Таза Қазақстан» в Камыстинском районе: как жители улучшают экологию?

Проведение субботников в селах - одна из действенных мер в наведении порядка и чистоты. (далее…)

6 часов назад

По мнению жительницы села Денисовка Галины Харченко, наблюдается тенденция привлечения к чтению

Более 40 лет Галина Леонидовна обучала математике учащихся Денисовской средней школы №1. А сейчас, будучи…

10 часов назад

А белолобый летит над Казахстаном вольготно…

С 19 апреля по 4 мая в Костанайской области открыта охота на водоплавающую птицу. -…

3 дня назад