Көненің көзі еліміз бойынша тек Арқалықта сақталған. Аппарат иесі Коба Самхарадзе бұл құрылғының 1978 жылы қолданысқа шыққанын айтады. Ал, отыз жылға жуық уақыт үздіксіз жұмыс істеп келіпті.
-Бұрын тоқсаныншы жылдардың басында адамдарға жалақы берілмейтін. Бір қария менің қайын атама келіп, қарызының орнына екі аппаратты беріпті. Сөйтсек ол газдалған су аппараты екен, менің өмір бойы армандаған нәрсем еді,- дейді Коба Анзориевич.
1995 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Сол зауыттан шыққан қалпы.– Екінші аппарат «Дом одежды» дүкенінің жанында тұр, бірақ қазір кейбір бөлшектері табылмай істен шықты. Егер бөлшектерін тапсам, қайта іске қосамын,- дейді ол.
Шыныменде, бізде кезекке тұрып, газдалған сусынның дәмін татып көрдік. Баяғы шыны стакан, дәмі де балалық шақты еске түсіреді. Естеріңізде болса, кеңес уақытында осындай аппараттар көпшілік көп жүретін жерлерде істеп тұратын.
-лимонад сироппен, сиропсыз да дайындалады, бірақ мен сиропсыз қолданбаймын. Лимонадтың технологиясы бұрынғыдай, – дейді ол.
Сатушының айтуынша, сироп табиғи, еш химиялық қоспа қосылмайды.
Ауа райы қолайсыз болса, жаңбыр немесе суық болса, үш ай жаз жұмыс істеді.
-Биыл мамыр айында суық болды, жұмысымызды айдың ортасынан бастадық. Маған да, адамдарға да жақсы. Осы уақытқа дейін ешқандай шағымданбады. Көпшілік «Костанайға , Астанаға қойсақ, көмек береміз» деп ұсыныс тастады. Өзіміздің аркалықтықтар ішсін, – дейді аппарат иесі.
Газды судың 1 стақаны 150 теңге, үлкен стақаны 250 теңге тұрады
Шұға Қоңқабай
Ценным подарком в преддверии Дня благодарности стал праздничный концерт в честь сподвижников. (далее…)
Өңірлерде жергілікті тұрғындар сайлаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. (далее…)
«Заң және тәртіп» жобасы аясында (далее…)
Районные зимние соревнования прошли в рамках I зимней областной спартакиады. (далее…)
Тозығы жеткен мектеп (далее…)
Все услуги, которые оказывал морг, теперь будет осуществлять индивидуальный предприниматель Владимир Крукович. (далее…)
This website uses cookies.