Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады.

Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көшпенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем келгенде Наурыз мейрамына қарай көре алған екен.

Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталған. Біздің кейіпкеріміз Гүлнар Ақсауытова да осы пікірде.
Қарамеңдіде тұратын Гүлнар Ақсауытова ұлттық салт-дәстүрді насихаттап жүрген жан. Одан бөлек, Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде еңбек етеді. Бұл мерекенің ерекшелігіне тоқталып, бала күнінде көрген-білгенімен бөлісті.
-Мен өзім де шалғайдағы  ауылда,  ата-әжеммен,  әке-шешеммен  тұрғандықтан  да  Наурыз  айында  қыстан  шығып,  көктем  келіп,  күн  мен  түн теңеліп,  жер  аяғы  кеңи  бастаған  мезгілде  үлкен  кісілер  бір-бірімен  көрісіп,  Амал күнімен құттықтайтын.  Есімде  қалғаны,  80-ші  жылдардың  аяғында  Ата-анамыз  Амал күні алдында үйдің ішін ретке келтіріп, қағып-сілкіп, жаңартып, қыстан қалған етін қазанға салып,  жас  бұзаулаған  сиырдың  сүтінен  уыз  пісіріп,  көршілерді  шақыратын.
Амал күнінің тәрбиелік маңызы да ерекше. Бұл жасы кішілерге үлкенді сыйлау деген ұғымды қаршадайынан миларына сіңдіреді. Қол берісіп амандасып, бір-бірімен етене араласу арқылы туыстық қарым-қатынас беки түседі.  Басқаларға реніші, өкпесі бар адамдар осы күні өкпесін ұмытып, ренжіскен адамына кіріп көріседі. Осылайша арадағы қарым-қатынасты түзеп, көрісу күні адамдар бір-бірімен қайта табысады. Көрісу күні кіріп-шықпаған жасы кіші туған-туысқан, көрші-қолаңға жасы үлкендер «Көрісіп шығуға келмеді» деп ренжіп жататын, – деп еске алады Гүлнар Ақсауытова.
Кейіпкеріміз заманның ағымына қарай кейбір салт-дәстүрлеріміздің ұмыт бола бастағанын айтады.
-Кеңес дәуірі кезінде біз жақсы дәстүрді үзіп алдық. Бірақ қазіргі күні өшкеніміз тіріліп, жанданып жатыр. Жылдан жылға Наурыз мерекесі қалай тойланады. Қазір әр отбасы  қыстан қалған етті қазанға салып, балаларынан тараған немере-жиендерімен  көрісу  күнін  тойлап  жатады. Осының өзі бақыт, осының өзі ғажап қой. Қазір «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман. Алға қойылған мақсат-міндеттерімізді орындау жолында бірлік, түсіністік, еңбекқорлық болса, біздің алмайтын асуымыз жоқ дер едім. Халқымызға ырыс-құт мол болсын, Ұлыс оң болсын дегім келеді, – дейді Гүлнар Ақсауытова.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Искрометным юмором порадовали аулиекольцев игроки районной лиги «Жайдарман»

В районном Доме культуры прошла игра «Жайдарман» на кубок акима Аулиекольского района, в котором шпаги…

6 часов назад

В Костанайской области растет число пострадавших от укусов животных

Об этом сообщает руководитель департамента санитарно-эпидемиологического контроля Ермуханбет Даулетбаев. Пишет "Наш Костанай" (далее…)

8 часов назад

Алтынсарин ауылдық кітапханасының жұмысы жаңа белестерге көтерілуде

Алтынсарин ауылдық кітапханасы – бүгінде ауыл халқының мәдени әрі рухани орталығына айналып отыр. (далее…)

8 часов назад

На полмиллиарда тенге отремонтируют четырнадцать улиц в Аулиеколе

Средний ремонт дорожного полотна в районном центре начнется в этом году. (далее…)

8 часов назад