Күні кеше Наурыз мерекесінің алғашқы бастауы Көрісу күні аудан көлемінде кеңінен аталып өтті

14 наурыз – Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады.

«Жаңа жасыңмен», «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» деген сынды тілектерін айтып, бір- бірімен көрісіп шығады.

Айта кетер болсақ, аудан әкімдігінің жоспарлы мерекелік кестесіне сәйкес ауданда жұмыс күні «Көрісу күні» шарасымен басталды.

Аудандық мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері ұлттық нақышта киініп, көлікті мерекеге сай безендіріп, қолдарына саз-сырнайларын алып, әр мекемені аралап, ыстық ықыластарын білдіріп, көрісу күнін атап өтті.

Олар мемлекеттік мекеме, банк, аурухана, колледж, кітапхана, мектептерге барып әннен шашу шашып, көрісу күні мерекесінің мән-маңызын түсіндіріп, құттықтап қайтты.

Наурыз мерекесі – ынтымақ пен бірліктің, достық пен бауырмалдықтың, көктем мен еңбектің мерекесі. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Олай болса, біз де сарыкөлдіктерді наурыздың бастауы Көрісу күнімен құтықтай отыра, аудан халқына, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, берекелі бірлік пен баянды бақыт тілейміз!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

«Пусть войны не будет никогда» – это пожелание несовершеннолетней узницы концлагеря Валентины Жестиковой из села Камысты

Жительница села Камысты Валентина Жестикова ребенком пережила тяготы военных лет во вражеском концентрационном лагере и…

3 часа назад

В Костанае торжественно отпраздновали День Победы (ФОТО)

Тысячи костанайцев собрались в парке Победы, чтобы почтить память тех, кто отдал жизни за Родину.…

18 часов назад

Легкоатлетический пробег «Память» в Костанае собрал свыше 450 участников

Традиционное мероприятие приурочено ко Дню Победы. Об этом пишет "Наш Костанай" (далее…)

18 часов назад

В Камыстинском районе жители села Арка привели в порядок памятник участникам ВОВ

Мероприятие прошло в преддверии 80-летия Великой Победы. Инициатором и спонсором работ выступила местный предприниматель, руководитель женского…

1 день назад

Незаурядным способом коллектив карасуской школы проявил уважение к военной славе сограждан и земляков

В рамках проекта «Музейная педагогика», который активно реализуется в школе им. Абая с 2017 года,…

1 день назад