Көне мейрам – Көрісу күні Сарыкөл ауданында айырықша аталып өтті

 Бұл – Наурыз мейрамының бастауы

Ежелден келе жатқан дәстүр бойынша бұл күні жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Ал туған-туыс болса, бір-біріне қонаққа барып, жылы тілектерін арнап, өкпе-реніштерін кешіреді. Көрісу күні немесе амал мерекесін еліміздің батысы сән-салтанатымен атап өтеді.

Көрісу күні Сарыкөл ауданында биыл екінші рет кең көлемде аталып өтілді. Аудандық мәдениет үйінің ұжымы былтырғыдай іс-шара ұйымдастырды. Өнерпаздар ұлттық киім киіп, қолдарына домбыра, қобыз, сырнайларын алып, мекеме, ұйымдарды аралап, әннен шашу шашты. Олар аудан әкімдігі, халыққа қызмет көрсету орталығы, салық басқармасы, “Олжа-Агро” ЖШС, прократура, полиция, “СарыкольДорСтрой” ЖШС және тұрғын үй коммуналдық мекемесіне барып, қазақ халқының дәстүрлерін көрсетіп, басқаларға үлгі өнеге болды.


-Бұл ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан мереке. Қыстан аман-есен шығып бір-бірмен көрісіп, бір-біріне сәлем беру ғой. Осы салт-дістүрді жас болсақ та біз де жаңғыртып, мәре-сәре болып ұжым болып атап өтттік, – дейді аудандық мәдениет үйінің директоры Абай Сейдахметов.

Айта кетейік, тек мәдениет үйінің өнерпаздары ғана ұлттық киім киіп барған жоқ, қарсы алған мекеме, ұйымдар да қолдан келгенше көрісу күніне дайын болды. Бірі ұлттық нақышта көрмелер дайындаса, енді бірі ұлттық тағамдарды паш етіп, дастархан жайды. Яғни, бұл мейрамды ұжым болып атап өтті. Міне, көне мейрамды жаңғыртудың мәні осында жатыр.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген Айнұр МОЛДАХМЕТОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 3