Бүгінгі таңда елімізде бұқаралық спорттың дамуына барлық жағдайдың жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап осы салаға ерекеш көңіл бөлініп, жер-жерде көптеген спорт нысандары салынды. Сондықтан болар аймақтың мерейін асыратын спортқа ден қойған жеткіншектердің қатары жылдан жылға артып келеді. Қамысты ауданында спорт нысандары, ашық алаңда жаттықтыру құрылғылары салынып, тұрғындардың пайдалануына берілді.
Елімізде жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісі спорт күні деп белігіленген. Осы орайда Қамысты ауылында«Алтын Арлан» жекпе-жек клубының жаттықтырушысы Бекжан Аманов туралы жазуды жөн көрдім. Ол Орқаш ауылының тумасы. Орқаш негізгі мектебін бітіріп, Қостанайда колледжге оқу түсіп аяқтайды. Кейін Қостанайдағы Челябі мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығын, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін спорт және дене шынықтыру мамандығы оқып бітіреді. Сөйтіп он жылға жуық қоян-қолтық ұрыстан және бокспен айналысып жүрді. Алғашқы бапкері – Антон Ким.
-Спортқа деген қызығушылығым арта түсті. 2013 жылы қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық чемпионатта ҚР чемпионы атандым. 2014 жылы Магнитогорск қаласында өткен халықаралық турнирде қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері атандым, – Бекжан Аманов.
2016 жылы кудодан ҚР чемпионы. 2017 жылы қоян-қолттық ұрыстан ҚР кұміс жүлдегері атанды. 2017 жылдан бастап аралас жекпе-жек, қоянқолттық ұрыстан, ММА және Грэпплингтен, Панкратионнан балаларды дайындай бастады. Бүгінде өңірге белгілі бапкер. Спорттың бірнеше түрінен шәкірттері топ жарып келеді.
«Алтын Арлан» клубы AIGA панкратион және грепплинг федерациясының құрамына кіреді.
– Біз барлық деңгейдегі жарыстарға қатысамыз, – деп атап өтті Бекжан Аманов. –Былтыр желтоқсан айында менің оқушым Уфадағы халықаралық турнирде екінші орын алды. Жақында Хромтауда өткен халықаралық қоян-қолтық ұрыстан екі спортшым чемпион атанды.Алдағы уақытта панкратионнан, қоян-қолттық ұрыстан, аралас жекпе-жектен тәрбиеленушілерімді әлімдік чемпионаттарға қатыстырып, бағын сынау. Қазір біздің клубта жиырмадан астам оқушым бар, олардың дені титулды спортшылар. Барлық шәкірттердің болашағынан зор үміт күтемін. Олардың барлығы да чемпиондар. Еңкішісі 4 жаста, – дейді Бекжан Аманов.
Бүгінде Панкратионнан спорт шеберіне үміткер, Грэпплингтен спорт шебері, ММА фри файтингтен Азия чемпионы, ММА фри файтингтен Әлем чемпионатының жүлдегері, Грэпплинг айгадан Азияның күміс жүлдегері.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
15 ноября в районном Доме культуры состоялась встреча акима Камыстинского сельского округа Бейбита Мендаулетова с…
Мария Мазанко из Карабалыка победила редкое заболевание благодаря квалифицированной помощи врачей Костанайской областной больницы, сообщили…
Так она заработала более 2,3 млн тенге (далее…)
Мужчина после отказа стража порядка брать деньги положил в полку на приборной панели патрульной машины…
Автолюбители высказывают недовольства из-за незавершенного ремонта дорожного полотна (далее…)
Былтыр Қамыстының Қарабатыр ауылына бүтіндей бес отбасы көшіп келді. Биыл Моңғолия елінің Бай-Өлке аймағының Сақсай…
This website uses cookies.