Өңір басшысы Сарыкөл ауданына іссапармен келді

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов алғашқы сапарын өзінің еңбек жолын бастаған Сорочин ауылдық округіне қарасты Крылов ауылынан бастады

Ауыл республикалық тас жолдан бес шақырым жерде орналасқан, бүгінде онда 691 адам тұрады. Крыловтағы өмірлік маңызды әлеуметтік нысандардың бірі – жалпы білім беретін мектеп. Өңір басшысы мектептегі жағдаймен танысып, түйткілді сауалдарды тыңдады.

Мектеп директоры Нина Позднякованың айтуынша, ғимарат 1979 жылы салынған және бүгінде кіреберіс жағын, спорт залын, терезелерді және жылу жүйесін жөндеу қажет етеді.

– Ауылды аралаудағы мақсат – мектептің жағдайын біліп, мұғалімдермен кездесіп, мәселелер болса, соларды шешу жағын қарастыру. Жалпы, ауылдың негізі – мектеп, медициналық пункт, ауыз су, жол. Жаңа көргеніміздей, мектептің спорт залы салқын, төбесінен су ағып тұр. Мектепке ақша бөлеміз, жөндеуден өткізу керек, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы барған Крылов фельдшерлік-акушерлік пункті де жаңартуды қажет етеді. Сарыкөл аудандық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Валерия Селицкаяның ақпаратынша, емдеу мекемесі 1998 жылдан бері Крылов атындағы №4 «Олжа Арыстан ӨК» ЖШС-нің кеңсе ғимаратында орналасқан.

Сонымен қатар, Құмар Ақсақалов Крылов ауылында болған кезінде «Олжа Арыстан ПК» ЖШС мал шаруашылығын да назардан тыс қалдырған жоқ. Қаржы директоры Рүстем Қуанышев атап өткендей, бұл мал шаруашылығы 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 1200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының жаңа құрылысы жоспарлануда. Жалпы, жобаның құны 10 млрд теңгеге жуық және 69 жұмыс орны ашылмақ.

– Іске асыру мерзімі – 2024 жыл. Жылына 14 мың тонна сүт қабылдауға қауқарлы болмақ, – деді Рүстем Сабырұлы.
Одан кейін облыс әкімі Крылов клубында Сорочин ауылдық округінің тұрғындарымен және аграрлық сала басшыларымен кездесу өткізді.

– Біздің басқосуымыздың міндеті – ауыл тұрғындарына ауылдық жерлерде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беру. Ауылдағы кәсіпорындардың басшыларын, олардың қалай жұмыс істейтінін білуіміз керек. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге мемлекет тарапынан жыл өткен сайын қолдау көрсетілуде, – деп атап өтті облыс әкімі.

Жалпы, Крылов ауылына өткен жылы ауыз су тартылған болатын. Енді халықты жол мәселесі алаңдатып отыр.

– Мәселен, келесі жылы Крыловта ауылішілік жолдарды жөндеуге 150 миллион теңге жұмсау жоспарланған. Бұл жерде бәріңіз жиналып, қай көшеге бірінші жол салу керегін шешулеріңіз керек. Осы мәселелердің барлығын осындай жалпы жиналыстарда талқылау керек, – деді облыс әкімі.

Құмар Ақсақалов аудандық денсаулық сақтау саласының медицина қызметкерлеріне пәтер сатып алу үшін қаражатты көбейту қажет болса, облыс мұнымен айналысатынын айтты. Айтпақшы, биыл облыс бюджетінен медицина қызметкерлеріне баспана алуға 32 миллион теңге бөлінген. Аудан әкімі Амантай Балғариннің айтуынша, бұл қаржыға төрт пәтер сатып алынып, кейіннен аудандық ауруханаға беріледі деп жоспарлануда.

Құмар Ақсақалов жиын соңында мемлекет жыл сайын ауыл шаруашылығын, жолды, суды, денсаулық сақтау, білім беру салаларын қолдауға және т.б. негізгі салаларға көбірек қаржы бөлетінін айтты.

Сондай-ақ, Сарыкөл кентіне сапарлаған облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудандық аурухананы аралады. Бұл жерде де жөндеу жұмыстары қажет екенін айта кету керек. Аудандық ауруханаға қатысты түйткілді мәселелерді облыстық денсаулық басқарма басшысы Данияр Жандаев айтты.

Сарман АЛДИЯР

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Журналиста Максима Сушко признали невиновным по делу о клевете в адрес акима п. Октябрьский

Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

3 дня назад

Наурзумцы получили долгожданный автомобиль скорой помощи

Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)

3 дня назад

Класс памяти о погибшем герое, который спас ребенка, открыли в Аулиекольском районе

Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…

3 дня назад

This website uses cookies.