Гүлмира еккен қызғалдақтар жыл сайын бағбан гүл сорттарын жаңартуға бел буып отыр

Қамыстылық Гүлмира Бегалиева биыл үшінші жыл жылыжайда қызғалдақ өсіруде. Былайғы жұрт гүлді әсемдік символы деп білгенмен, оны өсірудің қаншалықты машақат екенін түсіне бермейді.

Қамысты ауданының орталығында тұратын Гүлмира Бегалиева үш жылдан бері жылыжайда қызғалдақ өсіріп келеді. Айтуынша, бастапқыда отбасымен бірге көкөніс еккен. Уақыт өте келе қызғалдақ кәсібін бастауға бел байлаған. «Ютуб» каналынан көріп, осы гүл өсіру кәсібіне қызығушылығы оянғанын айтады.
«Гүл кәсібіне деген қызығушылығым үш жыл бұрын оянды. Оған дейін қатардағы ел қатарлы қияр, қызанақ, бұрыш секілді көкөністер ектік. Осыдан үш жыл бұрын «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, 555 мың теңге көлемінде грант ұтып алдым. Бұл қаражатқа он алты метрлік жылыжай және ауа температурасын сақтап тұру үшін газ жылытқышын сатып алдық», – дейді Гүлмира ханым.
Гүлмира бұл істің отбасылық кәсіп екенін айтады. Себебі, жылыжай ішінде жолдасы, балалары қолғабыс етеді. Ал, ерекше гүл өзіне көңіл бөлгенді, белгілі бір температураны жақсы көреді.
Айтуынша, қызғалдақ өсірудің өз қиындығы бар. Жалпы нөлден бастаған адамға гүлді табыстағанға дейінгі аралықта бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқысы – тұқымын алып келген кезде оның сапасына мән беру. Екіншісі – арнайы температурада сақталуын бақылау. Себебі, әр пиязшықтың өз температурасы бар.
«Жалпы жылыжайда өсіру үшін екі түрлі тұқым пиязшығы келуі мүмкін. Бірі – салқындатылған, екіншісі – салқындатылмаған. Соны қадағалау керек. Оны алып келіп отырғызғаннан кейін тамырлануына көп көңіл бөлінеді. Ол белгілі бір температурада осы жылыжайда сақталады», – дейді Гүлмира.
Демек, тұқым пиязшығын жерге отырғызғаннан кісі қолына гүлдің жету процессі қарашадан наурызға дейін созылады. Осы кезеңде температураның түсіп не көтеріліп кетпеуі қадағаланады. Ол ауа райына тікелей байланысты. Қызғалдақ үшін қалыпты температура – 13-14 градус.
Ол үй ауласы жанындағы жылыжайға былтыр екі жарым мың қызғалдақ өсіріпті. Биыл қызғалдақ санын екі мыңға азайтқанымен, жаңбыргүл (гиацент) гүлін егуге басымдық бермекші. Қазір пиязшық бағасы қымбат. Қызғалдақтың пиязшығын Алматыдан арнайы тапсырыспен алдырады. Жыл сайын сорт түрлерін де өзгертіп отыр. Биыл қызғалдақтың лап топ, стронг голд, пурпл, принц, канди принц, литоуен, лалибела қатарлы жаңа сорттарын егіпті.
Гүл баптаудың қыр-сырын жетік меңгерген Гүлмира Нағашыбайқызы мұнымен тоқтап қалмайтынын айтты. Ол алдағы уақытта кәсібін кеңейтікісі келеді. Арнайы гүл сататын дүңгіршегі болғанын қалайды. Жазда «Атамекен» ҰКП арқылы грантқа қатысып көрмекші.
Гүлмира өсірген қызғалдаққа берісі қамыстылықтар, әрісі Астана, Қостанайда тұратын жерлестері тарапынан сұраныс артып келеді. Жалпы 8 наурыз елімізде белсенді тойланатындықтан, бұл мерекеде гүл сатып алу науқаны тоқтаған емес. Қыз-келіншектер мен аналардың көңілін аулап, жақсы сый беру керемет үрдіс емес пе?!
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Аким Камыстинского сельского округа ответил на вопросы местных жителей

15 ноября в районном Доме культуры состоялась встреча акима Камыстинского сельского округа Бейбита Мендаулетова с…

1 день назад

Жительнице Карабалыка с редким диагнозом провели операцию в Костанайской облбольнице

Мария Мазанко из Карабалыка победила редкое заболевание благодаря квалифицированной помощи врачей Костанайской областной больницы, сообщили…

1 день назад

Житель Федоровского района, давший взятку полицейскому против его воли, может сесть в тюрьму на срок до 5 лет

Мужчина после отказа стража порядка брать деньги положил в полку на приборной панели патрульной машины…

1 день назад

В акимате Аулиекольского района прокомментировали ситуацию по ремонту подъездной дороги к Кушмуруну

Автолюбители высказывают недовольства из-за незавершенного ремонта дорожного полотна (далее…)

1 день назад

Қарабатырға Моңғолиядан үш отбасы көшіп келді

Былтыр Қамыстының Қарабатыр ауылына бүтіндей бес отбасы көшіп келді. Биыл Моңғолия елінің Бай-Өлке аймағының Сақсай…

1 день назад

This website uses cookies.