Елімізге Пржевальский жылқылары қайта оралады.

Бүгін 8 бас жабайы жануар тұқымы Қостанай облысындағы «Алтын да¬ла» табиғи резерватына жіберілді. Егер жерсініп кетсе, алдағы 4-5 жылдың ішінде тағы 40 шақты бас әкелінеді.

Әуежай басында мінбер ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Чехия республикасының елшісі Павол Шепеляк, Прага зообағының директоры Мирослав Бобек және жазушы Қанат Тасыбековтер қатысты.
Зерттеушілердің жазуынша, оның негізгі себебі ұлы далаға келген ашаршылық кесірі мен жосықсыз аңшылықтың зардабында жатса керек. 2023 жылғы 24 сәуірде Астанада өткен Қа¬зақ¬стан – Чехия бизнес форумында Қазақ¬стан¬ның Орман шаруашылығы және жануар¬лар дүниесі комитеті мен Прага хайуа¬наттар бағы «Жойылып кету қаупі тө¬ніп тұрған жануар түрін (Пржевальский жыл¬қысы / Equus Przewalskii) қорғау тура¬лы» меморандумға қол қойған болатын.
Аталған ме¬морандум аясында Чех Республикасы мен Германия Федеративті Респуб¬ли¬ка¬сы¬нан 2024 жылдың 3-4 маусым күні бас¬тап¬қы 8 жануарды (Чехиядан 4 бас, Гер¬ма¬ния¬дан 4 бас), яки Пржевальский жылқысын Қа¬зақ¬станға алып келіп, Қостанай облысының аумағында орналасқан «Алтын дала» мем¬ле¬кеттік табиғи резерваты» РММ-ның ау¬мବғына реинтродукцияланды. Айта кету керек, жылқыларды тасымалдау міндеттемесін Чех тарапы өз мойнына алып отыр. 8 бас CASA C-295M ар¬найы әскери ұшақтарымен жеткізілді.


Пржевальский жылқы тұқымын қазақ же¬ріне қайтару жөніндегі жаңа халықаралық жобаға Еуропадағы бірнеше хайуанат бағы қатысқалы отыр. Жоба аясында Экология жә-не табиғи ресурстар министрлігінiң Ор¬ман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Прага хайуанаттар бағы, АСБК, Франкфурт зоология қоғамы, Берлин және Нюрнберг хайуанаттар бағы мен Hortobágy ұлттық паркі (Мажарстан) ынтымақтастық меморандумына қол қойып, ресми серіктес атанды.

«Біз жабайы жылқы тұқымын хайуа¬нат¬тар бағынан жабайы табиғатқа жіберудің және бір тарихын жазуды бастадық. Бұл жо¬ба бұрын Моңғолияда сәтті енгізілді, қа¬зір ол жақта тұқым көбейе бастады. Осы¬дан кейін Қазақстан Үкіметі де бізге осын¬дай өтінішпен жүгінді. Алдағы бес жыл ішінде «Алтын Дала» даласына 40-қа жуық жыл¬қы тасымалдау жоспарлануда», – деді Пра¬га хайуанаттар бағының директоры М謬¬¬рослав Бобек конференцияда. Прага хайуанаттар бағы бұған дейін 2012–2019 жылдары жабайы жылқыларды Моң¬ғо¬лия¬дағы бұрынғы мекеніне қайтару жобасын іске асырған айта кеткен жөн.

Орман шаруашылығы және жануарлар дү¬ниесі комитетінің маманы Бексұлтан Мейірбековтің айтуынша, реинтродукция ор¬талығына жіберілетін 8 бас жабайы жыл¬қы арнайы жабдықталған екі қоршауда (вольер) болады. «Бүгінде тиісті қоршаулар са¬лынды, күзет шараларына қажетті авто¬көлік бар. Жануарлардың ем-домына вете¬ринарлық препараттар сатып алынды. Қа¬зір Чехия тарапымен тәжірибе алмасу бойын¬ша келіссөздер жүруде», – дейді ма¬ман.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов керқұланның тарихи отанына қайта оралуын тарихи мағынасы зор күн екенін, сондықтан бұл іске атсалысқан елдердің басшылығына, министрліктеріне, елшіліктеріне және осы жобаға белсенді қатысқан азаматтарға алғысын білдірді.
«Біз биліктің, ғалымдардың және бейжай қарамайтын адамдардың бірлескен әрекетінің арқасында Пржевальский тұқымды жылқылары Қостанай облысы фаунасының ажырамас бөлігінеайналады, ал олардың ұрпақтары бізді ғасырлар бойы өзінің сұлулығымен және ұлылығымен қуантады деп сенеміз!» – деді облыс әкімі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Полицейские и волонтеры продолжают поиски пропавшего жителя Костанайского района

Уже неделю продолжаются поисковые мероприятия по установлению местонахождения без вести пропавшего жителя Костанайского района, Сергея …

12 часов назад

Число получателей адресной социальной помощи снизилось на 40% в Костанайской области

Если в 2023 году ее получали 3964 семьи, то в результате всех предпринятых мер сейчас…

12 часов назад

В стране ввели ограничение на вывоз картофеля: какие запасы есть в Костанайской области?

Экспорт приостановлен в третьи страны на полгода, сообщает "Наш Костанай". Эта мера не распространяется на…

15 часов назад

В полиции Костаная предупредили о мошеннических действиях с поддельными QR-кодами

Специфическая форма фишинга, при которой мошенники используют QR-коды для обмана граждан и кражи их конфиденциальных…

15 часов назад

Почему пропадает свет: аулиекольские энергетики прокомментировали сбои в подаче электричества

Жители сел Аулиеколь и Аманкарагай обратились в редакцию с просьбой осветить проблему частых отключений электроэнергии.…

15 часов назад

Восемь промышленных проектов области позволят создать 3400 новых рабочих мест в 2025 году

Такие цифры на заседании акимата области привел глава региона Кумар Аксакалов. (далее…)

16 часов назад

This website uses cookies.