«Ең дәмді тағам» сайысы

Жүлдегерлерге лайықты құрмет көрсетілді

Жуырда Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты арасында «Ең дәмді тағам» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың шарты бойынша қатысушылар ыстық тамақ және торт тағамын жасауда шеберліктерін көрсетуге тиіс-ті.

Бұл маңызды жарысқа арнайы келген Қостанай облысы «Әйел-қыздар секторының» өкілі Рыскүл Қылышбайқызы жиналған жамағатқа өзінің тартымды уағызын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Тату үйдің тағамы тәтті» демекші, жарысқа  қатысушылардың жасаған тағамдары өте дәмді болып, төрешілердің арасында нағыз жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты.

Дегенмен, сайыс болған жерде жүлдегерлер де топ жаратыны хақ. Жүйріктер анықталып, олар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Мәселен, бірінші орынға ие болған қатысушыға Рудный қаласындағы «Муслима» кафесіне бару үшін 5000 теңгенің жолдамасы берілді.

Сонымен қатар екінші және үшінші орындарға арнайы сыйлықтар мен марапат қағаздары салтанатты түрде тапсырылды.

Сайыс соңында барша жиналған жамағат бір дастархан басына жиналып, жасалған тағамдардан  дәм татты.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5