Еңбек жолын Арқа ауылынан бастаған жас маман – алтынсарылық Диляра Есеналиева.
Ол – бастауыш сынып мұғалімі. Биыл бірінші сыныпты жетекшілік етіп жүрген жас маман өзінің мұғалім болу арманының алғашқы қадамдарын Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде оқып, былтыр аяқтады. Қазіргі таңда Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы педагогикалық университетінде жоғарылатып білім алуда.
Диляра Есеналиева бала кезінен мұғалім болуды армандапты. Оның айтуынша, нағашы апаларының мұғалім болғаны үлкен әсер еткен.
«Ұстаздың сөз сөйлеу мәнері, жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстау әдебі мен көп нәрсе білетіндігі мені әрдайым қызықтыратын еді. Осы қызығушылық мақсатқа айналып, ұстаз болуды қаладым», – дейді жас маман. Тоғызыншы сыныпты бітірген соң, ол Қостанай жоғары педагогикалық колледжіне «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша оқуға грантқа қабылданды. Былтыр колледжді аяқтап, қазір Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы педагогикалық университетінде жоғарылатып оқып жүр.
Диляра өз мамандығын таңдағанына қуанышты екенін, бірақ ешқашан өкінбегенін айтады.
«Пәк көңілді бүлдіршіндермен өткізген әрбір сәтім көңілді, әрі мағыналы», – деп қуанғанын білдіреді.
Бүгінде Диляра мектепке алғаш келген бірінші сынып оқушыларына жетекшілік етіп жүр. Оның айтуынша, қазіргі жағдайға орай, кезекші топта төрт бала білім алуда. «Ұстаздық қызметтің қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Бала жанын түсіне алу өте маңызды. Себебі, олар жас шыбық тәрізді. Қалай икемдесек, солай бұрылады», – дейді ол. Әр сабақты бар ынта-жігерімен түсіндіруге тырысатынын және шәкірттеріне білім мен тәрбие беру үшін бар күшін салып жатқанына ерекше назар аударады.
«Тәуелсіз мемлекетімізде ұстаздық еңбек етіп, шәкірт бойына білім мен өнерді, рухани байлық пен ұлттық құндылықты сіңіріп, тұлғалы азамат етіп қалыптастыруға өз үлесімді қосамын», – деп жас ұстаз өз миссиясын айқындайды.
Диляра үшін Арқа ауылы ұнағаны туралы айтады. Біріншіден, ауылдан теміржол өтіп, аудан орталығына жақын орналасқан. Әрі бұл жердегі ұзақ жылдар бойғы еңбек өтілі бар мамандардан тәжірибе жинақтап жүргенін айтады. «Жалпы кез келген жас маман ауылға жұмысқа барудан қорықпау керек. Үлкен белестерге жету үшін қалыптасқан білім ордасының мамандарынан тәжірибе алмасу қажет деп білемін», – дейді жас маман.
Сонымен қатар, ауылдық жерде жұмыс істеу көп мүмкіндіктер мен артықшылықтарға да ие екенін айтады.
«Ұжым ұйымшыл, арнайы тәлімгер бекітілген. Білмегенімді үйретеді. Бөтен ауыл емес, осында туыстарым тұрады», – дейді Диляра.
Диляра Есеналиева сияқты жас мамандардың ұстаздыққа деген ықыласы мен еңбекке деген адалдығы еліміздің болашағын тәрбиелеуге үлкен үлес қосуда. Бала тәрбиесінде ұстаздың рөлі айрықша болғандықтан, Диляра сияқты жас мұғалімдер еліміздің білім саласының болашағына сеніммен қарайды. Оның еңбек жолы мен ұстаздық жолы көп жас маманға үлгі болары анық.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ, суреттерді түсірген – Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Жас актерлардың шеберлігі (далее…)
Для улучшения мобильной связи и доступа к интернету в сельских населенных пунктах Костанайской области выделены…
В Наурзумском районе планируют засеять около 270 тысячи гектаров посевной площади. (далее…)
31 наурызда Сарыкөл ауданының көмек алаңы кеңсесінде «Жанашыр бол» қоғамдық қорының өкілі Жасгүл Тоғжанова пробация…
«Больше местных сладостей и новых рабочих мест для своих», - под таким девизом прошла поездка…
В последний день священного месяца Рамадан семья Митаевых из села Новонежинка совершила благородный поступок –…
This website uses cookies.