Еңбегімен елге сыйлы болған соналылық Қаду Сақауовты еске алды

Жақсының аты өлмейді…

«Н.Дәулетова» атындағы Сарыкөл аудандық кітапханасында ұлағатты ұстаз, білікті басшы болған Қаду Сақауовтың туғанына 75 жыл толуына орай «Өлке шежіресіндегі есім» атты еске алу іс-шарасы өтті.

Оған – аудан өлкетанушысы Солдат Дүтпаев, Тәгіл ауылдық округінің әкімі Сағынбай Сүндеталин, «Сарыкөл» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихаттың депутаты Руслан Әлкеев және «Ө. Сұлтанғазин» атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқытушылары мен оқушылары қатысты.

Сөз сөйлеушілер Солдат Малбақұлы мен Сағынбай Қасенұлы Қаду Оразбекұлының өмірі мен қызметі туралы естеліктерімен бөлісті. Руслан Оразбайұлы Қаду Оразбекұлына арнаған авторлық өлеңін оқыды. Аудандық тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Бекзат Әбдіқанның орындауында музыкалық нөмірлер орындалды. Іс-шараға жиналғандар Қаду Оразбекұлының отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттері бар стендті тамашалап, көптеген мәліметпен қанықты.

ҚазКСР еңбек сіңірген ұстазы мектеп саласында ерінбей тер төгіп, тәтті еңбегінің жемісін татып, 40 жылдан астам ғұмырын осы салаға сарп еткен Соналы ауылының тумасы Қаду Сақауовты елдің бәрі біледі. Ол өз ортасына сыйлы, ұжымы мен шәкірттері оның еңбек сүйгіштігіне, тиянақты да ұқыпты ісіне тәнті болатын. Бәрінен де, қоғамның дамуына, еліміздің өркендеуі жолында бойындағы біліктілігін аянып қалған емес еді.

Қаду Оразбекұлы Тәгіл орта мектебін тәмамдаған. Отан алдындағы азаматтық борышын атқарып келгеннен кейін, 1979 жылы Орал педагогикалық институтын бітіріп, жағрафия пәнінің мұғалімі мамандығын алды. Еңбек жолын Бас-Ағаш бастауыш мектебінде бастап, 1971 жылы Қарашілік мектебіне математика мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.

«Ұстаздық – ұлы жол» – дейді дана қазағымыз. Міне, осы ұлағатты жолда менің мұғалім болуына Василий Шалабаев, Светлана Мачнева және Байбосын Кленов сынды кісілердің көп әсері тиді», – деген болатын бір естелігінде Қаду Сақауов.

Қаду Оразбекұлы еңбеккерлігінің арқасында 1976 жылы 27 жасында Қарашілік мектебінің директоры қызметіне тағайындалып, 8 жыл бойы аталмыш сегізжылдық мектепте қызмет атқарды. 1984 жылдан бастап 2013 жылға дейін Соналы мектебінің директоры қызметінде болды. Халық игілігіне лайықты үлес қоса білді. 40 жылдан астам педагогикалық салада істесе, соның 30 жылдан астамын мектеп директоры қызметіне арнады. Жұмыс істеп жүріп, еліне бір кісідей пайдасын тигізді. Яғни, 1986 жылы Соналы ауылында балабақшаның, ал 1989 жылы қазақ сыныбының ашылуына ат салысты. Облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі С.Г.Мачневаға да өтініш жазып, жаңа мектеп ғимаратының бой көтеруіне де өз үлесін қосқандардың бірі. Ауылдағы бірнеше мәрте орайластырылған торқалы тойларға да ұйытқы болды. Ұлы Отан соғысына кетіп, оралмаған Соналы ауылының азаматтарына орнатылған мемориалды тақтаның ашылуына да мұрындық болған осы кісі еді. Айта берсек, ол кісінің игілікті істері көп-ақ…

Қаду Оразбекұлының Соналы мектебінде бәлен жылдан бері жасаған еңбегі елеусіз қалған емес. 1992 жылы ҚР Білім беру ісінің үздігі атанды. Ағартушылық жолында талай мәрте аудандық, облыстық, республикалық мақтау қағаздарын алып, елеулі еңбегіне сай марапатталды. Сондай-ақ, Ата Заңымыздың, Тәуелсіздігіміздің құрметіне арналған мерекелік медальдардың иегері. Оның үстіне, сайлау науқаны алдында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталып, 2006 жылдың 18 тамыз күні өткен “Отан” партиясының конференциясында Қостанай облыстық филиалының осы партияға көп қызмет еткені үшін алғысын алды. Сонымен қатар, Қаду ағамыз республика деңгейінде өтіп жатқан ірі шаралардан да шет қалған жоқ. “Бәрін айт та, бірін айт” – демекші, шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде де Қаду Оразбекұлының шоқтығы биік. Ол кісіден дәріс алған көптеген оқушылар республикамыздың түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп, Отанымыздың гүлденіп дамуына өз үлестерін қосуда.

Туған жерін алға сүйреген, оның ғажап табиғатын сүйген Қаду ағамыз ақынжанды азамат еді. Ол кісінің жұмыс бөлмесі кішігірім кітапхана сияқты болатын. Онда Мұқағали Мақатаев, Нұрғожа Ораз, Жұмағали Ысмағұлов, Сәлім Меңдібай, Ақылбек Шаяхмет, Ғаббас Батталов, Қуаныш Ахметов, Василий Шалабаевтардың тырнақалды туындылары самсап тұратын. Білімнің сан-салалы даңғыл жолын артқа қалдырған Қаду ағамыз сол ақындарымыздың поэзиясын жақсы көретін, барған жандарға нақышына келтіре оқып беретін, жарықтық.

Қаду Оразбекұлы еліне еңбегі сіңген жаны жарқын жан еді. Өз ортасында ірі тұлға, еңбекқор, ұжымын жас ұрпақ тәрбиесіне бір кісідей жұмылдыра білген беделді әрі білікті басшы болатын. Ол тек қызметіне адал ғана емес, сонымен қатар адал жар, қамқор әке, ақылгөй ата еді. Жұбайы Бөпежан Смағұлқызы екеуі Ілияс, Жарас, Дәурен атты ұлдарын ержеткізіп, олардан бірнеше немере сүйді.

Қасиетті Соналы топырағынан құнарланып, тамырын тереңге салған мәуелі бәйтеректей бой түзеген, отбасының алтын діңгегіне айналған, өз әріптестері арасында әрқашан еңбекқорлығымен, жаңашылдығымен, жанашырлығымен ерекшеленіп, ұстаздық жолдың сара жолын салып кеткен Қаду Оразбекұлының жаны жәннәттә болсын дейміз! Осындай тұлғаға өзі туған ауылындағы өзі кірпішін қаласқан, отыз жылдан астам директор болған білім шаңырағына есімін берсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Сарман АЛДИЯР
Суреттерде: Қаду Оразбекұлына арналған еске алу іс-шарасынан көріністер. Суреттерді түсірген Сергей ХОЛОДИЛО

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Более 2000 кг бауырсаков приготовят камыстинцы, намеренные побить новый рекорд Гиннеса

8 ноября на центральной площади села Камысты пройдет мероприятие «Бауырсақ FEST», где местные жители постараются…

19 минут назад

Прокурор области взял под личный контроль аварию на Аулиекольской трассе

28 октября  на 68 километре автодороги сообщением «Костанай-Аулиеколь-Сурган», между населенными пунктами Жосалы и Новонежинка Аулиекольского…

52 минуты назад

Университеттің құрылу тарихы мен қазіргі таңдағы көрінісі

Биыл Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы ерекше датаға…

1 час назад

Как идет газификация сел и сельских округов Костанайского района

С приближением зимы этот вопрос становится особенно актуальным. Однако, несмотря на проводимую политику газификации, в…

1 час назад

Аграриям Мендыкаринского района пришлось отказаться от услуг элеватора в далеком 2015 году

Из архивных данных следует, что Мендыкаринский элеватор был построен в царские времена, в 1913 году.…

1 час назад

78 саженцев пирамидальных тополей высадили в Мендыкаринском районе на центральной улице села Боровское

Экологическая акция «Таза Қазақстан» прошла с участием акима района и руководителей государственных учреждений. (далее…)

2 часа назад

This website uses cookies.