Денисов ауданында отандық фильмдер кеңінен насихатталуда

Аудандық мәдениет үйі биылдан бастап балаларға «Менің атым Қожа» және өзге де отандық, тарихи фильмдерді насихаттау жұмыстарын бастап кетті.

Бұған дейін мәдениет үйінің көрермендер залында ауыл балаларына түрлі голливудтық мультфильмдер топтамасы тегін көрсетілді. Соның ішінде, қазақ тілінде дубляж жасалған «Моана» анимациялық фильмі кішкентай көрермендерге ерекше әсер сыйлаған еді.

Денисов аудандық мәдениет үйіндегі бұл әдемі дәстүр бірнеше жыл бұрын басталған. Мақсат ­ балаларға мәдени демалыс сыйлау әрі отандық кино туындыларды насихаттау. Шалғайдағы ауылдарда қаладағыдай кинотеатр жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін мәдениет үйінің үлкен көрермендер залына арнайы LED­экран орнатылған. Сол жерде қазақстандық кинотуындылармен қатар голливудтық «Дикий робот», «Эверест», «Супер санта», «Моана» сияқты үздік картиналар ұсынылды.

­ Бұрын ауыл жастарына кино көрсететінбіз. Бірнеше жылдан бері балалардың назарына мультфильм ұсынуды жөн көрдік. Биылдан бастап өзіміздің қазақстандық кинотуындыларды, соның ішінде тарихи фильмдерді насихаттамақпыз. Мультфильмдер аптасына бір рет, әр жұма сайын көрсетіледі. Кіру тегін. Ешқандай ақысыз. Көрсетілім туралы мәдениет үйінің инстаграмдағы парақшасы арқылы хабарлап отырамыз. Балалар келеді,­деді Денисов аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нағима Хасанова.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретте : мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нағима Хасанова.

Суретті түсірген Абиль Дощанов.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Искрометным юмором порадовали аулиекольцев игроки районной лиги «Жайдарман»

В районном Доме культуры прошла игра «Жайдарман» на кубок акима Аулиекольского района, в котором шпаги…

5 часов назад

В Костанайской области растет число пострадавших от укусов животных

Об этом сообщает руководитель департамента санитарно-эпидемиологического контроля Ермуханбет Даулетбаев. Пишет "Наш Костанай" (далее…)

7 часов назад

Алтынсарин ауылдық кітапханасының жұмысы жаңа белестерге көтерілуде

Алтынсарин ауылдық кітапханасы – бүгінде ауыл халқының мәдени әрі рухани орталығына айналып отыр. (далее…)

7 часов назад

На полмиллиарда тенге отремонтируют четырнадцать улиц в Аулиеколе

Средний ремонт дорожного полотна в районном центре начнется в этом году. (далее…)

7 часов назад