Кейіпкеріміз Кэтрин Майердің қазақ халқына, қазақ тіліне деген құрметі шексіз.
Біздің Кэтринді аудан халқы түгел таниды десек артық кетпеспіз. Ол аз десеңіз, шынашақтай қыздың есімі облысқа, республикаға да танылып қалды. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген неміс қызы осынау кішкентай ғана қадам жасап, қаншама адамға үлгі болып жүр. Кэтриннің мектепте озат оқушы, алғыр шәкірт, үйінде елгезек бала екенін газетімізде бұған дейін жазған едік. Ал бүгінгі мақаламызда оның қазақ халқына, мемлекеттік тілге деген шексіз сүйіспеншілігі туралы баяндамақпыз.
Кэтриннің ата-анасы Денисов ауданының тумалары. Әкесі Николай Майер Шукубай ауылында дүниеге келген. Қазір «Алтынсарино» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде механизатор болып жұмыс істейді. Анасы Нина Болих Гришен ауылында туған. Бүгінде мектепте кіші қызметкер еңбек етіп жүр. Кэтриннің Каролина және Алёна есімді әпкелері бар. Ең қызығы неміс отбасының кенже қызы Кэтрин таза қазақ тілінде сөйлейді, қазақ әндерін құйқылжыта шырқайды.
– Ұлтым неміс болса да, анам мені бала кезімнен қазақ мектебіне берді. Осылайша, қазақ халқының мәдениетін, тілін және ұлттық құндылықтарын терең түсінуім үшін үлкен қадам жасады. Анам мені қазақ халқының дәстүрі мен тарихын қадірлеуге, мақтан етуге тәрбиеледі. Анамның сенімі мен қолдауының арқасында үлкен жетістіктерге жетіп келемін. Осы орайда мені қазақ мектебіне жетелеп әкеліп, мемлекеттік тілде білім алуыма себепкер болған анама алғыс айтамын. Менің ұлтым неміс болса да, жүрегім қазақ деп соғады. Қазақ тіліне деген алғашқы қадамым мемлекеттік тілдегі шағын орталықтан басталған. Бүгінде өззімнің қалауыммен, ата-анамның қолдауымен, ұлағаты ұстаздарымның көмегімен қара шаңырақ қазақ мектебінде оқып жүрмін. Қазақ тілі менің биік белестерге шығуыма жол ашты. Сондықтан қазақ халқына, қазақ тіліне деген ризашылығым шексіз, – дейді №3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Кэтрин Майер.
Алғыс айту күні елімізде 2016 жылдан бастап атап өтіледі. Ерекше мерекенің негізгі мәні елімізде тұратын түрлі этнос өкілдері қазақ халқына ерекше ризашылығын білдіріп, қиын заманда құшақ жая қарсы алғанына, жатсынбай бауырына басып, тату-тәтті өмір сүріп жатқанына алғыс айту. Оған қоса 1-наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Бейбітшілік пен татулықты ту еткен ұйым биыл отыз жылдық мерейтойын тойлайды.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретте: Кэтрин Майер әпкелерімен бірге. Анасы мен қыздары.
Сурет кейіпкердің мұрағатынан алынды.
Бұл туралы аудан әкімі Марат Шымырбеков бізбен сұхбатында баяндады (далее…)
Напомним, что начиная с 5 апреля владельцам мототехники, запретят ездить без водительских прав и государственной…
Жители и гости поселка собрались, чтобы отметить Масленицу – праздник, символизирующий проводы зимы и радостную…
Этот день олицетворяет настоящую дружбу, милосердие и согласие между всеми народами, проживающими на территории нашей страны (далее…)
Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні. (далее…)
Домостроительный комбинат – один из знаковых проектов по развитию строительной промышленности РК за последние десять…
This website uses cookies.