Денисов ауданында еттің тапшылығы бар ма?

Жаңа жылдан бастап Қостанай қаласындағы кейбір ет дүкендерінде сиыр етінің тапшылығы байқалуда.

Қалалық алып сатарлардың айтуынша, сиыр етін өткізетіндердің қатары азайған. Тапшылық салдарынан сиыр етінің бағасы қымбаттады. Ал Денисов ауданында мұндай тапшылық та, қымбатшылықта жоқ деп сендірді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі.

Өткен сенбі күні, 5-сәуірде Денисов ауданының орталығында жыл сайынғы дәстүрге айналған ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткен еді. Аталған іс-шарада жергілікті өндірушілердің әртүрлі өнімдері ұсынылды. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ақпараты бойынша, барлығы 660 кг ет өнімі сатуға қойылды. Сиыр етінің келісі 2700 тг, жылкы етінің келісі 2800-3000 тг аралығында, шошка еті 1800 тг, қой еті 2400 теңгеден саудаланды. 25 келі сүт өнімдері сатылымға шықты. Бағасы 1000-2500 тг аралығында. 100 литр бал, 50 келі балық ұсынылды. Жұмыртқаның он данасы 650 теңгеден.

Жермеңкеде 600 кг-нан астам жеміс пен көкөніс сауда сөресіне қойылды. Сатуға шығарылған тауарлардың дені жергілікті шаруалардың ұсынған өнімдері. Жоғарыда айтқанымыздай, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Владислав Рагулядан алған ақпаратқа сәйкес, ауданда ет бағасы тұрақты, тапшылық байқалмайды.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті жолдаған Владислав Рагуля.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В течение недели решится вопрос о плате за проезд по дороге Костанай — Рудный

Об этом на брифинге сообщил директор Костанайского областного филиала АО “НК “ҚазАвтоЖол” Андрей Горват.  Об…

2 дня назад

Бірлік күні Сарыкөл төрінде де өз сән-салтанатымен аталып өтілді

Биылғы мереке былтырғыдан өзгерек форматта өтті (далее…)

3 дня назад

Денисов тұрғыны Маргарита Николаенко қазақ тілін өз бетімен үйреніп алды

Денисов ауданының орталығындағы балалар кітапханасында жұмыс істейтін Маргарита Николаенко есімді кітапханашы бар. Ол қазақ тілінде…

3 дня назад