Наурызнама онкүндігінің Шаңырақ күніне орай Денисов кәсіптік техникалық колледжі Бауырсақ party ұйымдастырды. Колледждің әр тобы бауырсақ пісіріп, шашу шашты.
Мәдени кеш барысында студенттер бауырсақтың жасалу жолы, қамырын дайындаудың әдіс-тәсілдері туралы айтып, өздері пісірген дәмді көпшілікке ұсынды. Ұлттық киімдер шеруін өткізіп, салт-дәстүр көріністерінен үзінді қойылымдар қойды. Ұлттық әндер шырқалып, мың бұралған бишілер көрермен назарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Колледж директорының оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Любовь Грининаның айтуынша, бауырсақ кешінде оқу орнының студенттері белсенділік танытқан. Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамы, ас атасы, дастарханның сәні. Халқымыз сыйлы қонақ келсе бауырсақ пісіріп, нан ауыз тигізген. Осындай құндылықты ұрпақ бойына сіңіру үшін колледж басшылығы «Бауырсақ party» ұйымдастыруды жөн санапты. Іс–шараның атауындағы «party» сөзін ағылшын тілінен тәржімалағанда «кеш, жиын» деген мағынаны білдіреді. Бұл ағылшын сөзі жастар арасында қазір кеңінен қолданылады. Ендеше «бауырсақ party» дегеніміз «бауырсақ кеші» дегенге келеді.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Они просят полицию найти и наказать его создателей, пишет "Тобол Инфо" (далее…)
ТОО «ЭПК-forfait» заявляет, что несет убытки из-за низкого тарифа, который даже не оправдывает себестоимость. Об…
17 наурыз күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Аркалық педагогикалық институтына университет мәртебесін…
С 14 по 16 марта в райцентре прошел ежегодный открытый республиканский турнир по вольной борьбе среди юношей…
Салт – дәстүр дәріптелеген күн болды Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде, мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Торғай…
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласына жасаған жұмыс сапарында қаладағы бірнеше маңызды құрылыс жобаларының…
This website uses cookies.