Денисов ауданында ауыл мұғалімі жасанды интеллектіні шебер қолдануда

Жасанды интеллектінің қыр­сырын меңгерген ұстаз Степан Галкин Денисов ауданындағы Гришен ауылында тұрады.

Гришен негізгі орта мектебінде физика және математика пәнінің мұғалімі. Ол жерде жұмыс істеп жатқанына үш жыл болыпты. Жас маман жасанды интеллектінің мүмкіндігін күнделікті сабақта қолданып жүр.

­ЖИ­дің мүмкіндігі қаншалықты зор екенін біз әлі бағаламай отырмыз.  Негізінде ЖИ шексіз ресурс көзі. Жасанды инттелектіні сабақта неғұрлым жиі қолданған сайын балалардың пәнге деген қызығушылығын оятасыз,­дейді Степан Галкин.

Жас маман жасанды интеллектінің қыр­сырын өзі ізденіп, меңгерген. Жасанды жүйеге деген қызығушылығы бір жылдан астам уақыт бұрын басталыпты. Бүгінде әріптестеріне де үйретіп жүр.

Ол А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік универистетінің түлегі. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң, туған жеріне оралып, ауыл мектебінде еңбек етуге бел байлаған. Қаладан шалғайда жүрсе де ғаламдық өзгерістен шет қалмай, жасанды интеллектіні өз жұмысында қолдануда.

­ сабақ өткізу кезінде ЖИ­ді пайдалану арқылы оқушылардың ынтасын арттыруға болады. Шәкірт пен ұстаздың қарым­қатынасы да жақсара түседі. Сондықтан, әріптестеріме ЖИ­ді қолдануға кеңес беремін. Қызметіме келсек, өзіме мамандығым ұнайды. Ұстаз болудың өзі шығармашылық жұмыс. Ал шығармашылық дегеніміз ­ ізденіс, ­деді жас маман Степан Галкин.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қамысты аудандық ауруханасында Face ID жүйесі қалай жұмыс істеп тұр?

Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы барлық емхана, ауруханаларда пациенттерді Face ID жүйесі арқылы қабылдау басталады.…

7 часов назад

«День очищения» провели в Аулиекольском районе

Он был приурочен к программе «Таза Қазақстан» и концепции «Наурызнама» (далее…)

7 часов назад

В сёлах Карасуского района прошли первые субботники

Старт экологическим дням был дан в дни празднования Наурыз мейрамы. (далее…)

1 день назад

Почти 30 млн тенге потратят на покупку ушных бирок для коров и верблюдов в Костанайской области

На сайте госзакупок появился лот на поставку ушных бирок для идентификации сельскохозяйственных животных. Об этом…

1 день назад