Денисов ауданында ауыл мұғалімі жасанды интеллектіні шебер қолдануда
Жасанды интеллектінің қырсырын меңгерген ұстаз Степан Галкин Денисов ауданындағы Гришен ауылында тұрады.
Гришен негізгі орта мектебінде физика және математика пәнінің мұғалімі. Ол жерде жұмыс істеп жатқанына үш жыл болыпты. Жас маман жасанды интеллектінің мүмкіндігін күнделікті сабақта қолданып жүр.
ЖИдің мүмкіндігі қаншалықты зор екенін біз әлі бағаламай отырмыз. Негізінде ЖИ шексіз ресурс көзі. Жасанды инттелектіні сабақта неғұрлым жиі қолданған сайын балалардың пәнге деген қызығушылығын оятасыз,дейді Степан Галкин.
Жас маман жасанды интеллектінің қырсырын өзі ізденіп, меңгерген. Жасанды жүйеге деген қызығушылығы бір жылдан астам уақыт бұрын басталыпты. Бүгінде әріптестеріне де үйретіп жүр.
Ол А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік универистетінің түлегі. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң, туған жеріне оралып, ауыл мектебінде еңбек етуге бел байлаған. Қаладан шалғайда жүрсе де ғаламдық өзгерістен шет қалмай, жасанды интеллектіні өз жұмысында қолдануда.
сабақ өткізу кезінде ЖИді пайдалану арқылы оқушылардың ынтасын арттыруға болады. Шәкірт пен ұстаздың қарымқатынасы да жақсара түседі. Сондықтан, әріптестеріме ЖИді қолдануға кеңес беремін. Қызметіме келсек, өзіме мамандығым ұнайды. Ұстаз болудың өзі шығармашылық жұмыс. Ал шығармашылық дегеніміз ізденіс, деді жас маман Степан Галкин.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31