Дәмді халқына жолаушылар дән риза

Науырзым ауданы аумағында соңғы екі тәулік ішінде 60-қа жуық адам жолда қалған болатын

Өткен жұмадан кешелі – бүгін төтенше жағдай мамандары тоқтаусыз жұмыс істеді. Тұрғындар ауа райының қолайсыздығы туралы хабарламаны алдын- ала білген. Бірақ, діттеген жерлеріне жетіп алуға тырысқан. Көршілес Амангелді, Жангелді, Арқалық қаласынан шыққан жолаушылар тасмалдайтын жеке таксилер және азық- түлік тасмалдайтын жеке кәсіпкерлердің көліктері жол бойы тұрып қалған, көлік көп. Бұл маңнан 20 – дән аса көлік шығарылды. Жол бойында қалған жолаушыларды Әулиекөл, Науырзым аудандарының төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары арнайы көлігімен жақын маңдағы Дәмді ауылындағы әкімшілік пен мектеп ғимаратына жеке тұрғын үйлерге орналастырлып, ыстық тамақпен қамтылған. Одан бөлек өздерің үйлеріндегі жанар-жағармайларын жолда қалған көліктерге құйып беріп, асар жасаған.

Айбек МЫРЗАҒАЛИ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 6