Дәмді ауылының кіреберіс жолында жөндеу жұмыстары тізгін алды

Ауылда жолды жөндеу жұмыстары басталып, ауылдың келбеті жаңара түсуде.Жұмыстардың қолға алынуы ауыл тұрғындарының қуанышын еселейді, өйткені бұл жол көлік қатынасын жеңілдетеді. Ауыл тұрғындары үшін ұзақ уақыт бойы басты мәселе болған кіреберіс жолдың жөндеу жұмыстары қолға алынды. Күнделікті қатынап жүргендер үшін бұл жолдың ахуалы тек қолайсыздық емес, қауіпті жағдай тудырып келген. Жаңбыр жауса лайға айналған, құрғақ кезде шұңқырларға толы бұл жолды жаңарту тұрғындардың көптен күткен арманын орындау іспетті.

Жолдарды қалпына келтіру және оны күрделі жөндеуден өткізу аса өзекті мәселе. Жөндеуді талап еткен ауыл жолдарының жағдайы бүгінгі күні едәуір жақсы. Өзекті мәселені шешу үшін жыл сайын қаржы бөлініп, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Жол бойындағы жұмысшылардың тынымсыз еңбегі ауылды жаңартудың алғашқы белгісі іспетті. Жасыл табиғатпен қоршалған жолдың кеңейтілуі мен жаңартылуы – ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне жаңа тыныс бермек.

Ауылға кіреберістегі 1,5 шақырымдық жолды жөндеуге 115 миллион теңге көлемінде қаражат бөлініп, жұмыс қазір қарқынды жүргізілуде. Бұл жөндеу жұмыстары тек жолдың сапасын жақсартып қана қоймай, ауылдың дамуына да елеулі әсер етпек.  Ауыл тұрғындарына бұл жаңалық ерекше қуаныш сыйлауда, себебі жол жақсарса, қатынас жеңілдеп, аудан мен облыс орталығына жету уақытын қысқартпақ.

Қазан айының 10-на дейін жол жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарланған. Мердігер компания барлық қажетті техникаларды жұмылдырып, жолдың сапалы салынуын қамтамасыз етуде.

-Жаңа лауазымға жақында ғана кіріскеніме қарамастан, ауылымызда біраз жұмыстар атқарылып үлгерді және алдағы уақытқа үлкен жоспарлар құрылуда. Ең алдымен, қыркүйек айының 21-і күні ауылымызда мал қорымы салынды. Ауылымызды таза, жайлы және көркейтілген күйде ұстап тұру мақсатында, апта сайын «Таза бейсенбілік» шарасын ұйымдастырамыз. Бұл шараға ауыл тұрғындары мен қызмет өкілдері белсенді қатысады. Қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жақында ауылымызда 4 жаңа жол белгілері орнатылды. Әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне аса мән беріп, мектеп алдында арнайы жол белгісін қойдық. Бұл мектепке қатынап жүрген оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта да ауылымыздың көркеюі мен тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында бірқатар жоспарларымыз бар. Соның бірі – ауылдағы шұңқырлы және ойық жолдарды жөндеу жұмыстары. Бұл жұмыстарды іске асыру арқылы тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, ауылымызды одан әрі дамытуды көздеп отырмыз-,деп атап өтті Дәмді ауылдық округінің әкімі Жасұлан Исмағұлов.

Дильназ Изделюева

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қамыстылық ардагер алғашқы төсбелгінің иегері!

Ұлттық валютамыз – Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде биыл банк саласы ардагерлері…

11 минут назад

Финансовая грамотность: путь к стабильности для семей и общества

В Лисаковске в рамках проекта по ресоциализации осужденных прошел тренинг на тему «Финансовая грамотность для…

5 часов назад

С экс-директора Басаманского лесхоза взыскали 21,6 млрд тенге

Большая часть этих средств пойдет в областной бюджет (далее…)

7 часов назад

Уникальная выставка открылась в Костанайском областном мемориальном музее И. Алтынсарина

Жители и гости города смогут вживую увидеть деревянную посуду семьи просветителя, инструменты, которыми пользовался его…

1 день назад

This website uses cookies.