Бестөбелік Жаңылсын Гутова – жаңашыл кітапханашы

 Кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар. Осындай қызметкердің бірі – бестөбелік Жаңылсын Гутова.

Қамыстыдағы Бестөбе ауылдық кітапханасы – Жаңылсын Кенжекеқызы үшін құдды екінші үйі іспеттес. Осы жерде еңбек етіп жүргеніне 12 жыл. Таңертен кіреді, қас қарайған соң бір шығады. Оқырмандар да келген бетте Жаңылсын Кенжекеқызын іздейді. Өйкені қай кітаптың, қай сөреде тұрғанын, тіпті кімге не қажет екенін жатқа біледі.

Өмірде өз жүрек қалауымен таңдаған мамандығын өмір бойы сүйіп өтетін жандар болады. Жаңылсын Кенжекеқызы сондай жанның қатарынан.

-Мен өзім ауыл кітапханасында қызмет жасап жат¬қанымды мақтанышпен айта аламын. Сан түрлі мамандықтар бар, бірақ кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да, тартым¬дылығымен ерекшеленеді. Себебі күн сайын жаңалыққа толы сәттер, яғни жаңа келген газет, журналдар, жаңа кітаптар және күнара келіп кітап алып жатқан ауылдықтар легі толастамайды. Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Кітапханашының еңбегі қоғам мен мемлекеттің дамып, өркендеуіне өте қажет әрі маңызды мамандық екендігін ешкім жоққа шығара алмайды, – дейді ол.

Ол өзінің атқарып отырған қызметімен бірге қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Үнемі кітап қорын мұқият зерттеп, қажетті кітапты алып, әдебиетке кеңес береді. Ол әрдайым оқырмандарын күлімсіреп қарсы алады, әркім үшін жылы сөздер арнап, ерекше назар аударады. Сауатты, өз ісін жақсы білетін маман. Өз ісіне берілген, кез келген ортада өзін-өзі ұстай білген ол ауылдастарының, әріптестерінің ортасында зор беделге ие.
Кейіпкеріміз бұқаралық іс-шараларды өткізуге үнемі шығармашылық көзқарасты қолданады. Жұмыстың инновациялық формалары: кітапхана түні, әдеби қазба, экскурсиялар, библиоккафе (бұл мәдени демалу орны және кітап оқуды ұнататындар арасындағы қарым-қатынас орны) арқылы кітапханаға барудың пайдалылығы мен қажеттілігі идеясын насихаттап келеді.

Жаңылсын Гутова – әріптестері арасында білікті, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық танытып жүретін сыйлы әріптес.

-Мектеппен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Өзін-өзі тәрбиелеу деңгейін арттырады. Аудандық және облыстық семинарларға, әдістемелік кеңестерге қатысып тұрады. Ауылдық кітапханасының оң имиджін қалыптастыруда. Жаңылсын Кенжекеқызы өз жұмысы бойынша үнемі ізденіс үстінде. Үздік қасиеттерге ұмтылады, – дейді Жаңылсын Кенжекеқызы жайлы әріптестері.

Кітапханашылар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының басшылығы Жаңылсын Гутованы кітапхана ісін дамытуға қосқан үлесін бағалап, оны Құрмет грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ, Л.Толстой атындағы әмбебап кітапхананың басшылығы атынан Клочково ауылдық кітапханасының кітапханашысы Екатерина Титова және балалар кітапханасының меңгерушісі Бахыткүл Бұхарбаевалар Алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кету керек, 2022 жылы Үкімет қаулысымен 24-қазан «Кітапханашы күні» болып бекіді. Демек, бұдан былай еңбегі тасада қалып жүрген құрметті мамандық иелерінің абыройы арта түспек.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4