Категории: Без рубрики

Бесаспап

Тігінші Ботагөз Мукумоваға жерлестеріміз дән риза

Бүгінде ел арасында қазақы ою-өрнектеріміз бен безендірілген көрпе, қоржын, дорба және басқа да халқымыздың аса қымбат бұйымдарын жасайтын қолы шебер жандар өте сирек.

Мен бұл ретте қазақы нақышта көйлек, қамзол, сәукеле, қыздардың жасауын тігетін бесаспап тігіншіні мысалға келтіріп отырмын. Міне, осындай шын ісмер жан бүгінгі кейіпкерім Ботагөз Мукумова дер едім.
Ол облысымызға қарасты киелі де қасиетті Торғай жерінің тумасы. Балғын балалық шағы осындағы талай кісілердің ыстық мекеніне айналған Аққұм кеңшарында өтті.

Ботагөз бала кезінен елгезек, бір көргенін лезде қағып алатын бойжеткен болып қалыптасты. Оқуда да қатарының алды болды. Сабақ үлгірімі өзгелерге өнеге болғандықтан, сыныптастарына қолынан келгенше көмектесіп, өзінің бойындағы ерекше дарынымен де көзге түсті.

Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ домбыра тартып, оның сүйемелімен ән де айтты. Бір мектептің ғана емес, бір ауылдың өнерлі де үлгілі жастарының біріне айналды.

Бүгінде Ботагөз отағасы Мұрат екеуі тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Ол уақыт өте өзінің тігіншілікке құштар екенін түсінді. Сөйтіп, туыс-туғандарына өзі тіккен көйлек, шалбар, күртешелерін сыйлап, бауырларын үлкен қуанышқа бөледі. Оның қолынан шыққан бұйымдары әрқашан да жоғары сапасымен, қонымдылығымен айналасындағылардың бәрін де тәнті етті.

Жерлестерінің жылы лебіздері мұны қанаттандырды. Тың ізденістерге жетеледі. Бірте-бірте тапсырыс берушілердің де саны артты. Сол бір күндер әлі күнге дейін есінде.

Мәселен, тұңғыш рет балдырғандарға арналып, тіккен жаңа жылдық костюмі баршаға ұнады. Содан кейін уақыт өткен сайын шеберлігі шыңдалып, көпшіліктің алғысына бөленді.

Мұның осындай қабілетін байқаған ауылдастары тұрмысқа шығатын қыздың жасауларын, салт-дәстүріміз бойынша үйге келген қонақтар отыратын көрпеше басқа да құнды заттарды дайындап, аты көпшілікке таныла бастады.

Сондай-ақ біздің ұлтымыз ерекше бағалайтын қоржын, құдағи дорба және басқа да қазақы өрнектерді жасауда ол алдына жан салмады. Осылайша оның беделі де артты.

Қазір қарап отырса содан бері де қаншама жылдарды арқа тастапты. Әрине, бұл күндері оның тәжірибесі мол, тапсырыс беретін кісілері де өте көп.

Соның бәрінің де үдесінен шығуға тырысады. Сапаға айрықша назар аударады. Осындай алғыр да істеген жұмысын тап-тұйнақтай атқаратын Ботагөз Мукумова өз ісінің шебері.

Он саусағынан өнері тамған қазақ қызы жаңа жылды да жақсы табыстармен қарсы алды. Ол үшін басты нәрсе ақша тауып, байлыққа кенелу емес, қалың жұртшылықтың шынайы лебізі мен жүректен шыққан алғысы.

Әдетте тігіншінің қандай білікті маман екендігі оның қолынан шыққан құнды заттардан анықталады емес пе. Оның осындай ісмер екендігін жұртшылық бірінен-бірі естіп, жиі келеді.

Сонымен қатар ол бос сөздің адамы емес. Тіршілікте адалдықты, сыйластықты, мейірбандылықты ұнатады. Бәлкім сондықтан да шығар, оған тігінші болғысы келетін бойжеткендер де үйір.

– Тігіншілікті әрбір қыз бала кішкентай кезінен бастап үйреніп жатса артық болмайды. Өйткені, өсе келе отбасын құрады. Сол кезде ол кәдеге асады. Осы жай сіңілілерімнің жадында болса екен. Мен де кезінде осы ісмерлікке ерекше құштар болдым. Уақыт өткен соң ол менің кәсібіме айналды, – дейді ол екеуіміз сұхбатасқан кезімізде жаны жаздай жадырап.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

admin

Недавние новости

В Костанае завершился долгожданный ремонт водно-спасательной станции

Капитальные работы здесь не проводились более 20 лет (далее…)

2 дня назад

Что известно о кирпичном заводе, находившемся рядом с городом Тобыл в Костанайском районе?

Производство здесь было остановлено десятки лет назад, и сейчас на этом месте остались лишь руины…

2 дня назад

В Боровской школе-гимназии робототехнику преподает молодой учитель-программист

Доступ к современным технологиям позволяет мендыкаринским школьникам расширить свои знания (далее…)

3 дня назад

Меңдіқара ауданында Ғ. Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясында ұлағатты ұстаз Қапар Нұрабаев атындағы сынып ашылды

Қарашаның 7-ші жұлдызында аудан орталығында орналасқан Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының төрінде ұлағатты ұстаз Қапар…

3 дня назад

Карьерный центр Костанайского района занимался фиктивным трудоустройством

В результате незаконно было присвоено 720 тысяч тенге. Эти деньги уже вернули в бюджет. (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.