«Байзак без Оноре де» Сарыкөлде Байзақ Ақылбаев есімді ақсақал тұрады

«Байзак без Оноре де» деп тақырып қойып отырғанымыз – ол кісінің YouTube хостингіндегі каналының атауы. Былайша не себептен қойылғанын әрі қарай оқысаңыз түсінесіз.Байзақ Ақылбаевтың өңірімізге көшіп келгеніне алтыншы жыл. Ғұмырының бір бөлігін Ресейдің Астрахань жерінде өткізді. Онда жергілікті клубта еңбек етті, шәкірт тәрбиеледі. Кейін Түркістан жаққа көшіп келді, қазір Қостанайдың Сарыкөл жерін мекен етуде.

-Керме сым үстінде өнер көрсете аламын. Аккардеонның құлағында ойнаймын. Қазір зейнет жаста болсам да, қоғамдық шараларға қатысып жүргенді жаным қалайды, – деп бастады әңгімесін кейіпкеріміз.

Кейіпкеріміз негізінен Шымкенттің тумасы. Астраханьда отыз жыл тұрып, елге оралған.

-2018 жылы көшіп келдім. Спортқа, музыкаға бала кезімнен қызығып, өздігімнен үйренгенмін. Содан кейін балаларға жетекшілік еттім. Астраханьда клуб меңгерушісі болдым. Онда 250 мың қазақ болды. Приволжский ауданында қазақ қауымдастығының аудандық төрағасы қызметін атқардым. Шет елде жүріп, қазақтың салт-дәстүрін насихаттауда біраз жұмыстар атқардық. Құрманғазы атамыздың жатқан жері – Астрахань облысы Володар ауданы Алтынжар селосындағы музейінің ашылуына бес өңірден делегация келді. Үш күн атап өтті. Кейін елім, жерім деп Шымкентке қоныс аудардым. Онда қор құрдым. Одан кейін дәм айдап, алты жыл бұрын Сарыкөлге келдім. Солтүстікке барамын деп шешім қабылдадым. Ол кезде коронавирус басталып жатқан уақыт еді. Қазір үй-жайым бар, үйреніп кеттім, – дейді ақсақал.

Жақында өткен домбыра күнінде қатысушылардың ең егдесі – 75 жастағы осы Байзақ Ақылбаев ақсақал. Ауыл қартының домбыра тартып жүргеніне алты жыл болыпты. Домбыра күні қарсаңындағы күй тартысқа алғаш рет қатысыпты.

-Өзім жас күнімнен аккордеонда ойнаймын. Қазақстанға Астраханнан көшіп келгелі домбыра үйренуге әуесім ауды. Сарыкөл ауданының тұрғыны атанғалы ата-баба аспабын қолыма алдым. Бүгінгі іс-шараға бірінші рет қатыстым. Кәсіби музыканттардың жетекшілігімен ұзақ уақыт дайындалдық. Халық алдында өнер көрсетудің әсері өте керемет болды. Күй тарта отырып, қырандай көкке самғап кеткендей сезіндім. Ондай сезімді көрермен қауым да бастан кешірді ғой деп ойлаймын, – дейді қария.

Бүгінде кейіпкеріміз блогерлікті қолға ала бастапты. «Байзак без Оноре де» YouTube каналы бар. Онда Түркия еліне барған сапарынан үзінді-үзінді жарияланыпты. Қария әлі тың. Жас ұрпаққа берерін мол деп есептейді. Таңертең тұрысымен дене шынықтыру жаттығуларын жасайды. Және ол қарапайым дене шынықтыру емес, йога тәсілдері бар жаттығу екен. Ол кісінің ұғымынша адам өз денесін көбірек қимылдатып, ауыр деген әрекеттерді игерген болса, өзін әрдайым ширақ сезінеді.

-Жақында Түркия еліне барып келдім. Тамаша сапар болды. Ер аралап, жер аралап қайттым. Маусым айының басы болатын. Маған жолдаманы қыздарым сыйлады. Олар Мәскеуде тұрады, сонда жұмыс істейді. Сондағы сапарымнан естеліктердің біразын әлемжелідегі парақшамда тараттым, каналыма жазылып, қызығушылық танытып жатқандар бар. Әлі күнге дейін билегенді, ән айтып, сырнай тартқанды ұнатамын, – дейді ақсақал.

Ендігі ойы – жергілікті клубқа жұмыс кіріп, көмегін тигізсе, өзі қатарлас үлкен кісілердің басын қосып, хор құрса. Бұл ұсынысын клуб меңгерушісіне айтыпты да. Тек қолдау табылса дейді. Тағы бір өнері – өлең шығарып, ән жазғанды ұнатады. Жақында Қостанай жеріне арнап өлең шығарыпты. Әнін де өзі жазған. Жергілікті жерден қолдау болса, бұл ән де жарыққа шықпақ, – дейді ақсақал.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген Бейбіт МЕЙРАМҰЛЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Журналиста Максима Сушко признали невиновным по делу о клевете в адрес акима п. Октябрьский

Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

2 дня назад

Наурзумцы получили долгожданный автомобиль скорой помощи

Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)

2 дня назад

Класс памяти о погибшем герое, который спас ребенка, открыли в Аулиекольском районе

Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…

2 дня назад

По какой причине перенесли зажжение главной елки в Костанае?

Изначально оно должно было пройти 21 декабря, затем его перенесли на 20 декабря, а вчера…

2 дня назад

Қамыстылықтар жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде

Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.