Сарыкөл кентінде бокстан жасөспірімдер арасында өткен облыстық ашық турнирге Жітіқара қаласы мен Федоров пен Сарыкөл аудандарының жеке клуб спортшылары қатысты.
Оның ашылу салтанатына Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков, “AINAZAROVTOPTEAM” қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Дидар Аманжолов, жарыстың бас төрешісі, Қостанай облыстық бокс федерациясының басқарма төрағасы Кенжеғали Садықов және бокстан Қостанай облысының чемпионы, Қазақстан біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері Саламат Алматов қонақ болды.
Турнирдің ашылу сәтінде қазақтың дәстүрі бойынша шашу шашылып, командалар ортаға шақырылды. Мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Мемлекеттік әнұран шырқалып, аудан әкімі Марат Шымырбеков жүрекжарды лебізін білдірді. Жас спортшыларға жеңіс пен сәттілік тілеген Марат Лесбекұлы өз құттықтауынан кейін ауданның дене-шынықтыру, спорт саласын дамытуға үлес қосып, осы турнирдің өтуіне демеушілік жасаған бір топ кәсіпкерге алғыс хаттар табыстады.
Сонымен қатар, “AINAZAROVTOPTEAM” қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Дидар Аманжолов пен ауданда бокстың дамуына үлес қосқан белгілі спортшы Саламат Алматовтар сөз сөйледі.
Жалпы, дүбірлі додада таланты мен талабын көрсеткен Сарыкөл ауданының боксшылары үздік атанды.
Айта кетейік, бұл спорт түрі ауданымызда 2011 жылдың жаз айынан бастап дами бастады. Осы орайда ауданда алғаш бокс үйірмесін ашып, талай шәкітке бокстың қыр-сырын үйреткен, осы спорт түрінің жақсы қарқын алуына Саламат Алматовтың еңбегін ерекше атап өткеніміз жөн. Ол спорттың осы түріне жан-тәнімен беріліп, шәкірттер тәрбиелеп, биік белестерді бағындыруына себепші болды.
-Біз істеген жылдары Сарыкөлде мұндай спорт кешені болған жоқ. Шағын спорт мектебінде айналыстық. Кең көлемде бокс жарыстарын ұйымдастыра алмайтынбыз. Бір жарыс өткізетін болсақ, спорт зал сұрап мектептерге жалынатын едік. Ал, қазір жап-жаңа осындай спорт кешені бар Сарыкөл ауданының болашағы зор қай спорт түрін алсақ та, -дейді бұрынғы бокс бапкері Саламат Алматов.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор
Тысячи костанайцев собрались в парке Победы, чтобы почтить память тех, кто отдал жизни за Родину.…
Традиционное мероприятие приурочено ко Дню Победы. Об этом пишет "Наш Костанай" (далее…)
Мероприятие прошло в преддверии 80-летия Великой Победы. Инициатором и спонсором работ выступила местный предприниматель, руководитель женского…
В рамках проекта «Музейная педагогика», который активно реализуется в школе им. Абая с 2017 года,…
Отан Оттанда ыстық (далее…)
This website uses cookies.