Тамыз жиналысының жұмысына Ұзынкөл ауданының әкімі Марат Журкабаев қатысты. Ол аудан мұғалімдерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, педагогтер алдында еліміз, Президентіміз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, маңызды мақсаттар қойылуына ерекше назар аударды. Оның ішінде басты мәселелердің бірін мектептердің сапалы білім беру үшін қауіпсіз болуы мен қолайлығын Марат Кенжебекұлы атап өтті. Сонымен бірге бүгінгі өзекті мәселелердің бірі аудан мектептерінде негізгі пәндер – математика, физика, ағылшын тілі тағы басқа негізгі пәндер бойынша педагогтердің жетіспеушілігі, біртіндеп аудан бойынша оқушы контингентінің азайып келуі, екі мектептің биылғы жылы жабылуын сөзге тиек етті.
– Ауылда мектеп жабылса, ол осы ауыл да жойылады деп түсінуге болады, – нақтылады аудан басшысы. – Сондықтан педагогтер ұжымы болып, жергідікті әкімшіліктер, ауыл тұрғындары болып, ауылдарды сақтап қалуға тырысу – бәріміздің парызымыз, – деді ол.
Ал тамыз конференциясының жалпы тақырыбы ІТ-технологияларды және жасанды интеллектті оқу үдерісінде қолдау болуына байланысты, Марат Кенжебекұлы математикалық пәндер бағытын күшейту мақсатымен № 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі базасында басқа ауылдық округ педагогтері үшін семинарлар ұйымдастырып, ауыл мектептерінің білім алушыларын да заманауи білімалушылық платформалармен танысу үшін жағдай жасауды ұсынды. Сонымен бірге алдағы уақытта аудан орталығында “І-Қостанай” балалардың шығармашылық үйі үлгісінде орталық ашу мәселесі көтеріліп жатқаны туралы хабарлады.
Сонымен қатар, тамыз конференциясының пленарлық мәжілісі іскерлік атмосферасында өтті. Жиын соңында бір қатар қызметкерлер марапатталды.
Бақытжамал ДАРКЕНОВА
2GIS ең танымал қалалық компанияларды анықтайтын халықаралық «2GIS сыйлығының» жеңімпаздарын атады. Қостанайда үздіктер 400 мыңнан…
Ташкент қаласына жолдама алды (далее…)
Мероприятия проходили в рамках республиканской экологической акции «Таза Казахстан». Напомним, что она стартовала по всей…
2ГИС назвал победителей международной «Премии 2ГИС» — проекта, в котором отмечают самые популярные компании города.…
Мемлекеттік тілге құрмет (далее…)
Об этом сообщил и. о. заместителя руководителя КГУ «Пригородное учреждение лесного хозяйства» управления природных ресурсов…
This website uses cookies.