Наурыз мейрамын науырзымдықтар жоғары деңгейде тойлатты

Бүгін Науырзым ауданында тоқшылық пен береке-бірліктің мерекесі – Наурыз мейрамы арнайы орталық алаңда ұйымдастырылды

Жер дүниені жасарта, жаңғыра келген Ұлыстың ұлы күнін науырзымдықтар ерекше ықыласпен қарсы алды. Киіз үй тігіліп, айналасында наурыз көжеден дәм татып, мәре-сәре болған үлкен-кіші бәрі орталық алаңда.

Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесінде өнерпаз жігіттер мен қыздар өз өнерлерін ортаға салса, Қыдыр ата бата беріп, шашу шашылды.

Науырзым жұртшылығын арнайы құттықтауға келген аудан әкімі Мәди Ихтиляпов сахна төріне шақырылды.

– Ұлыстың ұлы күнінде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Наурыз мерекесі жақсылығымен келсін. Ең бастысы елімізде тыныштық, ынтымағымыз артып, жұртымыз тыныш болғай. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!-деді аудан басшысы.

Аудан басшысы осы айтулы мереке аясында Өлеңді ауылының тұрғыны, көп балалы ана Жұлдызай Бияхметоваға «Күміс алқа» наградасын табыс етті.

Наурыз мейрамының басты қонағы болған қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйлығының иегері Салтанат Бақаева келді.

Науырзымдықтарды наурыз мейрамымен құттықтап, әдемі әннен шашу шашты. Наурыз мейрамында сауда-саттық ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорттық іс-шараларды өтті. Қазақша күрес, арқан тартыс, гір көтеру, қол күрес секілді ойындардың өтуіне жас-кәрісі белсене араласты.

Аудан әкімі Мәди Ихтиляпов киіз үйлерде болып, дәм татып, ізгі лебізін білдірді.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ 

Фотоны түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 15