Ауыл әкімдерінің алғашқы форумына қатысқан Қарабатыр ауылының әкімі форумнан не түйді?

Қостанайда Қостанай облысының «AMANAT» партиясы атынан сайланған ауыл әкімдерінің форумы өтті.

Аталған форум жергілікті билік органдарының өзара байланыс алаңы саналады. Дәл осы алаңда ауыл әкімдері мен депутаттар арасында тәжірибе алмасуға, атқарылатын жұмыстарды айқындауға мол мүмкіндік берілді. Қарабатыр ауылдық округінің әкімі болып биыл тағайындалған Аманжол Хабылхан ауыл әкімдерінің форумына алғаш қатысуы.
-Маңызды жиынның көздегені – ауылдық жерлерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жолдарын зерделеу. Форумға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов, «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов қатысты. Сондай-ақ, әкімшілік бірліктердің басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, аумақтық филиалдардың төрағалары мен атқарушы хатшылары және бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері болды. Бұл шарадан өзіме көп нәрсе түйдім. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығының дамуы, инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік саланы дамыту жөнінде сөз сөйледі. Өңір басшысы пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарту қажеттігі туралы айтты. Облыста жүзеге асырылып жатқан ауылдық аймақтарды дамытуға бағытталған жобалардың маңыздылығын атап өтті. Ол жергілікті әкімдердің артқан жауапкершілігіне назар аударып, олардың тұрғындардың өмір сапасын жақсартудағы негізгі рөлін айрықша тоқталды, – дейді Аманжол Хабылхан.
Форумда сөз алған «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов жергілікті атқарушы органдарға жүктелген жоғары жауапкершілікті атап өтіп, ауыл әкімдері институтының рөліне және елімізде жүзеге асырылып жатқан маңызды реформаларға тоқталды. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті дамыту және экономикалық жағдайды жақсарту бағытындағы «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» сияқты жобалардың мазмұнын ашып, партияның алдағы жоспарларымен бөлісті.
-Форум жұмысы пленарлық сессия форматында өтіп, бас-аяғы екі бөлімнен тұрды. Форумның екінші бөлігі семинар-тренингпен жалғасты. Онда әкімдер заңнамадағы, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат алды. Мемлекеттік қызмет істері саласындағы тренерлер менеджмент процесін жетілдіру, имидж қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар айтылды. Форумда ауыл әкімдері өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, ауылдық жерлерді дамытудағы қолданылып жатқан жаңа технологиялар мен әдістер туралы айтып берді.
Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығындағы инновациялар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, ауыл тұрғындарының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жолдары туралы баяндамалар жасады. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру, партиялық жобаларды ілгерілету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік сатып алуды іске асыру, агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік қолдаудың қолжетімді тетіктерін қалыптастыру, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және инвестиция тарту шаралары, қоғамдық-саяси ахуал және бұқарамен жұмыс істеу секілді түрлі бағыттарда арнайы мамандардан дәріс алдық. Халықтың партия мен атқарушы билікке деген сенімі сайлауалды уәделердің орындалуымен тікелей байланысты. Оларды уақтылы және сапалы орындау – баршамыздың басты міндетіміз. Бүгінгі форум – баршамыз үшін аса маңызды.
Шалғайдағы ауыл әкімдерінің жұмысына түрлі бағыт бойынша әдістемелік қолдау қашанда қажет. Осы жиында жұмысты жүйелі ұйымдастырудың қыр-сырына қанықтым», – дейді Қарабатыр ауылдық округінің әкімі Аманжол Хабылхан.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Арқалықта әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобалар қарқынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласына жасаған жұмыс сапарында қаладағы бірнеше маңызды құрылыс жобаларының…

13 часов назад

Власти области заверяют, что паводковая ситуация в регионе под контролем

Большая часть первых руководителей области, которые отвечают за безопасное прохождение паводка, в эти часы находится…

14 часов назад

Взрывные работы на реке провели в Аулиекольском районе

Противопаводковые мероприятия осуществлены в селе Коктал. (далее…)

16 часов назад

Среднемесячная зарплата жителей Костанайской области составила 341 048 тенге

В конце 2024 года этот показатель составлял 333 046 тенге, а значит, вырос на 2,5…

16 часов назад

Сахналық жекпе-жек байқауына Өлеңді ауылдық клубы қатысты

Күні кеше Тобыл қаласында «Алтын дән» мәдениет үйінде Наурыз мерекесіне орай «Сахналық жекпе-жек» өнер байқауы…

20 часов назад

This website uses cookies.