Ауданымызда “ASU Intellect” ойыны өтті

12 тамыз күні ауданымызда Жастар күні аясында “ASU Intellect” ойыны өтті.

«Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы» КММ тапсырысы аясында жүзеге асуда. Мақсаты жастардың интеллектуалды дамуы, атап айтқанда ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауды дамыту, қарым-қатынасыт дамыту, ұжымдық әрекет ету, шешім қабылдау және жасалған таңдау үшін жауапкершілікті өз мойнына алу болып табылады. Осы айтулы жобаны Марғұлан Бәкір өткізіп, жүзеге асырды. Бұл ойынға ауданымыздың жастарынан құралған 9 команда қатысып, өздерінің озық ойлы жастар екенің көрсетіп, әр турда шапшаңдық танытты. Осы ойынға сонымен қатар Қожа, Шилі және Өлеңді ауылдарынан келген жастарда ат салысты. Ойын өте қызықты болды, жастар жоғары деңгейде қатысты. Ойын қортындысы бойынша “Болашақ” командасы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, бұл команда өңір аралық ойынға жолдама алды.

-Бізге интеллектуалды ойын өте қатты ұнады, жастардың белсенділіктері жоғары болды. Осындай іс шаралар көп өткізіп тұрса деймін, өз көңілімнен шықты. Жарыс жеңімпаздарына келесі айналымда сәттілік тілеймін деді, – Өлеңді ауылынан келген Нұрсұлтан Амантай.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31